Дене шыныҚтыру» білім саласы дене шынықтыру 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Дене шыныҚтыру» білім саласы дене шынықтыру

Поиск

 

Дене шынықтыруоқу пәні ретінде жалпы білім беретін мектептемаңызды рөль атқарады, жалпыадамзаттық мәдениет саласында белсенді шығармашылық түрде өзін-өзі жүзеге асыруға дайын тұлға қалыптастыруға мүмкіндік береді.

 

Оқыту мақсаты:

 

ü өз денсаулығына ықтиярлықпен қарау, оны нығайту мен ұзақ мерзім сақтай білу қажеттілігін тәрбиелеу;

ü физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын;

ü салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылықпен қолдану.

Оқыту міндеттері:

ü денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және негізгі физикалық (дене) қасиеттерін дамыту;

ü базалық спорт түрлерінің техникалық-тактикалық іс-қимыл әдістерін жетілдіру;

ü денсаулығын ұзақ мерзім сақтау және нығайту қажеттілігіне, өз денсаулығына ықтиярлықпен қарауға тәрбиелеу;

ü дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы мен салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерін шыңдау;

ü тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық іс-қимыл мен ынтымақтастық межелерін сақтау.

Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Дене бітімін жетілдіру және шеберлік» (әрекеттік компонент).

Вариативті компонент дене шынықтыру мұғалімі оқу процесінің сан алуан түрлерін қолдануға және оқытудың заманауи әдістері мен педагогикалық технологияларын енгізуге бағдарлайды. Вариативті компонент мектептің тұрған орны, материалдық базасы мен аймақтың орналасу ерекшеліктерін, мұғалімнің мүмкіндіктері мен оқушының қызығушылықтарын ескеру қажеттілігіне негізделгендіктен, оқу материалдарын жергілікті білім беру мекемелері ұсынады және оны дене шынықтыру мұғалімі әзірлейді.


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 83; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.)