дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

- ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;
- міндетті түрде жаттығу нөмірі мен беті көрсетіледі;
- мұғалім оқушының қателерін көрсетіп, түсініктемелерімен бағаны дәптердің сол жағына қояды;
- оқушылар дәптерлеріне жазуды көк немесе күлгін сиялы қаламмен жүргізеді. Қара және жасыл сияларды, қарындашты астын сызуға немесе кесте құрғанда қолдана алады. Оқушыларға қызыл сиямен жазуға болмайды.
Дәптерлерді тексеруге қойылатын негізгі талаптар:
Мұғалім оқушылардың жұмыс дәптерін тексергенде келесі тәртіпті ұстанады:
10-11-сыныптарда маңызды деген жұмыстар 2 аптада 1 рет тексеріледі. Барлық оқушылардың бақылау жұмыстары мен жазба тапсырмалары
тексеріледі. Мұғалім бақылау жұмыстарын тексеруде келесі мерзімді ескеру керек: бақылау жұмыстары мен жазба тапсырмаларын келесі сабаққа дейін тексеру қажет; тексергеннен кейін қатемен жұмыс жүргізеді; оқушылардың бақылау жұмыс дәптерлерін жыл бойына сақтайды.
10-11-сыныптарда шет тілі бойынша тексерген жұмыстарда оқушының жіберген қателерін түзетуде келесі ережелерді басшылыққа алады:
- дұрыс емес пунктуациялық қате сызылады, дұрысы қызыл сиямен үстіне жазылады;
- 10-11- сыныптарда эссе тексеру барысында орфографиялық және пунктуациялық қателермен қатар грамматикалық және тілдік қателерді де белгілейді;
- 10-11 - сыныптарда шет тілі бойынша оқушы жіберген қатені түзеп, дұрыс әріпті жазады.
Ұсынылатын бақылау жұмыстарының нормалары
Алған білімдерінің динамикасы мен мониторингін анықтау үшін оқу жылында 7 бақылау жұмысын жүргізу ұсынылады. Жаңа форматтағы ҰБТ
стандартына сәйкес тестілеу тапсырмаларын 40 сұраққа дейін көбейту ұсынылады.
№1 кіріспе тест. Бұл жұмыс түрі өткен оқу жылында алған білімдердің диагностикасы мен бақылауын қарастырады, тек лексика-грамматикалық аспектілерін қамтиды .Тест тапсырмаларының саны - 40, жауаптар нұсқаларының саны-5. Бұл жұмыс түрін ҰБТ жүйесі бойынша бағалау ұсынылады . «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға -25-32 балл, «3» деген баға – 9-24 балл. «2» деген бағаны қою ұсынылмайды, өйткені оқу жылының бірінші күндерінен бастап оқушының пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын төмендетуі мүмкін.
Шет тілі бойынша № 2 бақылау жұмысы – 1-тоқсан қорытындысы бойынша. Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, 1-тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика, граматика бойынша 20 тапсырма, тыңдалым бойынша-10 тапсырма, оқылым бойынша –
10 тапсырма. Бағалау ҰБТ жүйесі бойынша ұсынылады. «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға -25-32 балл, «3» деген баға –9-24 балға қойылады.
|