дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

белгісінен 8 қатесі (3/8);
- «2» деген баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі (9/5) бар немесе емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі (8/9).
Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады. Егер қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, онда ол бір қатеге саналады. Бір типті немесе біртекті қателер дегеніміз сөздің жазылуының грамматикалық, фонетикалық ерекшелігіне байланысты бір ережеге негізделуі. Алғашқы біртекті үш қате бір қатеге саналады да, келесі сондай қателер дербес есептеледі.
Диктант мәтінінде 5-тен артық түзету болса, бағасы 1 балға кемітіледі. 3 және одан артық түзетулер кездескен жағдайда үздік баға қойылмайды. Диктантқа баға қоярда түзетілгенімен, ескерілмейтін орфографиялық және пунктуациялық қателер:
1) сөзді тасымалдауда;
2) мектеп бағдарламасына енбеген ережелер;
3) әлі меңгерілмеген ережелер;
4) арнайы жұмыс жүргізілмеген қиын сөздер.
Диктантты бағалауда қатенің сипатына мән берілген жөн. Қателердің ішінен жеңіл қателерді яғни сауаттылық үшін аса маңызды емес қателерді айырып алған дұрыс. Қателерді есептеу барысында екі жеңіл қате бір қатеге есептеледі.
Жеңіл қатеге:
- ережеге бағынбайтын сөздер;
- автор сөзін берудегі тыныс белгілері жатады.
Ескерту : диктант мәтінінде барлық цифрлар, оның ішінде мезгіл көрсеткіштері де сөзбен жазылады.
Диктантқа бір ғана баға қойылады. Қосымша тапсырмаларды орындағаны үшін бағалағанда төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алу ұсынылады:
- «5» бағасы - оқушы барлық тапсырмаларды орындағанда;
- «4» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың 4/3 бөлігін орындағанда;
- «3» бағасы -оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындағанда ;
- «2» бағасы - оқушы барлық тапсырмалардың жартысын орындамағанда қойылады.
Ескерту:қосымша тапсырмаларды орындау барысында жіберілген орфографиялық және пунктуациялық қателер диктантқа баға қою барысында ескеріледі.
Емлелік қателерді түзету әдістері.Оқушылардың жазба жұмыстарын мұқият тексеріп отыру олардың сауаттылығын арттыруға көмектеседі. Қатемен жұмыс жүргізу жазба жұмысынан кейінгі келесі сабақтың 15-20 минутында іске асырылады. Оқу бағдарламасында «Қатемен жұмыс» түріне арнайы сағат бөлінбегендіктен журналға жазылмайды.
Мұғалімдер оқушылардың орфографиялық қателерін түзеткенде негізгі ескеретін жағдайлар:
- мұғалім барлық қателерді түзетіп, соңғы өтілген тақырыптан кеткен қателердің астын сызып көрсетуге болады;
|