Дене шыныҚтыру» білім саласы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Дене шыныҚтыру» білім саласы

Поиск

«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ» БІЛІМ САЛАСЫ

 

Дене шынықтыруоқу пәні–бұл дене шынықтыру қызметі,оқушылардың дене және психикалық саулығын сақтау туралы білімдер жүйесі.

 

Пәнді оқыту тұлғаны қалыптастыру, адамның танымдық белсенділігінің дамуына бағытталған. Оқу бағдарламасының мазмұны оқушы, қоғам мен жанұя сұраныстарын ескере, қазіргі педагогикалық ғылым жетістіктерін айқындайды

 

Оқыту мақсаты:

 

ü өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қараудың қажеттілігін және қимыл-қозғалыс негіздерін игеру арқылы оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру;

ü дене бітімі және психикалық қасиеттерінің толық дамуын;

ü салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене тәрбиесі құралдарын шығармашылық жолмен қолдану.

Оқыту міндеттері:

ü денсаулықты нығайту, ағзаның қызметтік мүмкіндіктерін арттыру және


 

 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

 

негізгі дене шынықтыру қасиеттерін дамыту;

 

ü дамыту және сауықтыру бағытындағы дене жаттығулары, базалық спорт түрлерінің іс-қимыл әдістері мен техникасы арқылы қимылдық тәжірибені байыту, қимыл-қозғалыс мәдениетін қалыптастыру;

ü дене шынықтыру және спорт туралы, олардың тарихы, қазіргі дамуы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы рөлі туралы білімдерді игеру;

ü өз денсаулықтарына ықтиярлықпен қарау, денсаулықты сақтау мен нығайту қажеттілігін қалыптастыруға тәрбиелеу;

ü тұлғаны оң қасиеттерге тәрбиелеу, оқу және жарыс әрекеттерінде ұжымдық әрекеттестік пен ынтымақтастықтың межелерін сақтау.

Оқу бағдарламасы екі бөлімнен тұрады: «Дене шынықтыру туралы білім» (ақпараттық компонент), «Денені жетілдіру» (әрекеттік компонент).

«Дене шынықтыру туралы білім» бөлімінің мазмұнында адамның таным белсенділігінің дамуы туралы негізгі түсініктері және қауіпсіздік техникасын қадағалау мен талап етудің ережелері берілсе, «Денені жетілдіру» бөлімінде оқушылардың дене дайындығын арттыруға бағытталған және жалпы дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары туралы мәліметтер берілген.

Дене шынықтыру дайындығын жетілдіру құралдары ретінде бағдарламаға айқындалған маңызы бар базалық спорт түрлерінен (жүзу, шаңғымен жарысу, спорттық ойындар, жеңіл атлетика, акробатика элементтерімен гимнастика) дене шынықтыру жаттығулары мен қозғалыс әрекеттері берілген. Қазақстандағы дене шынықтыру туралы тарихи ерекшеліктерді ашатын «Ұлттық ойындар» тақырыбы енгізілді.

Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын музыка өнері туындылары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.

Бағдарламаның ұйымдастыру-әдістемелік талаптары:

ü мұғалім өз тәжірибесіне сүйеніп, балалармен нақты жағдайдағы жұмыс дағдысына байланысты ұсынылған бағдарламаның қай бөлімін болмасын өзінің материалдарымен толықтыруға (оқушыларға қойылатын негізгі талаптарды жүзеге асыру барысында) құқылы;

ü «Гимнастика» тарауын («Жалпы дамытатын жаттығулар» және «Ырғақты гимнастика» бөлімдерін) меңгертуде қатаң тәртіпті сақтау міндетті емес;

ü мұғалім апта кестесіндегі сабақ санына сәйкес балалардың даярлығы мен сабақтың нақты жағдайына қарай өз жұмысын ұйымдастырады;

ü оқушылардың тактикалық ойлауын дамытуға, дене қасиеттерін тәрбиелеуге әсерін ескере отырып, ең оңтайлы қозғалыс ойындарының мазмұны болуы қажет;

ü оқушылардың қозғалыс ойындарын игеруін тексеру мақсатында бақылау-сынақ алу сабақтары өткізілуі тиіс;

ü дене шынықтыру сабақтарының тиімділігі екі параметр бойынша бағаланады:

а) жекелеген бақылау оқу нормативтерін орындау нәтижелері;


 

 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 66; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.156 (0.005 с.)