дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Білім алушылардың ғылыми -зерттеушілік дағдыларын дамыту үшін жоғары оқу орындары мен мектеп оқушылар сарайлары жанындағы күндізгі және сырттай мектептерге қатысу ұсынылады. Білім алушыларға атом энергиясы бойынша «Росатом» мемлекеттік корпорацияның және «Қазақстанның ядролық қоғамы» қоғамдастығының іс-шараларына қатысу ұсынылады, олар жыл сайын өткізетін «Kazatomexpo» көрмесінде жоғары сынып оқушыларына арналған арнайы бағдарламалар ұйымдастырады.
Бұл бағдарламалар түрлі интерактивті форматтарды қамтиды. Оқушылар атом электр станциясының жұмысын зерделеуге мүмкіндік беретін, «басқа планетадан келушілердің атомды шабуылынан – құйынға дейін» атты түрлі ойын сценарийлерін жүргізумен, «Алақандағы АЭС» қосымшасымен таныса алады. Сілтеме: http://www.kazatomprom.kz/
Энергияның балама көздері, оларды өндірудің заманауи тәсілдері туралы ақпаратты: alternativenergy.ru; aqua-rmnt.com/otoplenie/alt; http://www.helios-house.ru/alternativnaya-energiya.html сілтемелері бойынша алуға болады.
Георафия және биология сабақтарында «Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы» республикалық қоғамдық ұйымы материалдарын пайдалану ұсынылады. Сілтеме:kazgeography.org; kazgeography@nu.edu.kz
«ЭКСПО-2017» көрмесі жұмысының бағыттары туралы, сонымен қатар дүниежүзілік бұрынғы көрмелердің материалдарын келесі сілтемелер арқылы алуға болады: skachatreferat.ru/poisk/экспо; http://www.skachatreferat.ru/poisk/
«ЭКСПО-2017» көрмесінде «Болашақтың энергиясы» тақырыбына сәйкес ең соңғы және ақылды технологиялар қолданылады:
1) «Smart Grid» деп аталатын электр желілерін басқару жүйесі. Адамдар санын есептеуде әртүрлі сенсорларды қолдану және соған сайкес жарықты бөлу, бұл энергия пайдалануды үнемдеуге мүмкіндік береді. Аталған технология автоматты режимде жүктемелерді бөлу бойынша шешімдерді қабылдау үшін шынайы уақыт режимінде барлық ірі нысандардың энергия тұтынуын қадағалауға мүмкіндік береді.
2) Деректерді өңдеу орталығы. Көрме кешенінің аумағында ең соңғы технологияларды қолданумен құрылған Деректерді өңдеу орталығы (бұдан әрі
– «ДӨО») құрылған. ДӨО қуаты ұйымдастырушының сервистік жұмыстары үшін ғана емес, сол сияқты ресми қатысушылардың сервистерін өрістетуіне мүмкіндік беру үшін де есептелген. Деректерді хакерлердің шабуылынан, қауіпсіздік периметрі ішіне дендеп енуден және вирустық қауіптен қорғау ең соңғы бағдарламалық және аппараттық құралдардың көмегімен қамтамасыз етіледі.
3) Жаңартылмалы энергия көздері:
- Күн энергиясы. Көрме аумағында күн энергиясы электр энергиясы мен жылуды түрлендіру үшін – белсенді түрде, сол сияқты Күннің табиғи әрекетін ескере отырып – пассивті де пайдаланылады. Сондай-ақ көрсетпелік мақсаттарда қазақстандық өндірістің фотоэлектрлік панельдерін де қолданады.
- Жел энергиясы. Көрме нысандарын жел энергиясынан электрмен жабдықтау шусыз жел генераторларымен ұсынылған.
|