дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

8. Кіріс құжаттарымен жұмыс.
9. Мектепшілік бақылау.
10. Әкімшілік бақылау.
11. Біліктілік санатын жоғарылататын, немесе растайтын мұғалімдермен
жұмыс.
12. Әр тоқсан және жыл қорытындысы бойынша оқушылардың үлгерімдері мен білім сапаларының мониторингі.
13. Бірлестік мұғалімдерінің рейтингісі.
14. Мұғалімдердің атқарған жұмыстары бойынша шығармашылық есебі (жыл соңында).
15. Білім алушылардың білімдерін қорытынды аттестаттау бойынша
есеп.
Атқарылған жұмыстар туралы есеп ай сайын берілуі және әдістемелік бірлестіктің отырысында көрініс табу қажет. Жыл соңында жан-жақты, толық есеп беріледі (фотолармен, сызба-кестелермен және диаграммалармен).
2017-2018 оқу жылында жаратылыстану-математикалық циклінің (математика, биология, химия, география) мұғалімдерімен бірге кіріктірілген тақырыптық онкүндіктер өткізу ұсынылады. Мұндай ісшараларды өткізу көп еңбектенуді талап етеді, бірақ кіріктірілген сабақтар пәнге деген қызығушылықты арттырады. Мұндай онкүндіктер үш кезеңде өткізіледі: бастауыш, одан кейін орта және жоғары сынып оқушыларымен. Аталған ісшара пәннің аясында оқушылар мен мұғалімдерді жаңа жаңалықтарға ынтыландырып қана қоймайды; мұғалімдердің өзара тәжірибе алмасуы қолданылатын әдістердің жетілдірілуі мен кіріктірілуіне ықпал ететін болады. Оқып жатқан тілде сол елдің мәдениеті мен тарихын терең зерделеу мақсатында маңызды күндері мен мерейтойларына назар аудару ұсынылады, ол өз кезегінде, білім беру ұйымы базасында өткізілетін тақырыптық ісшараларда тікелей көрініс табуы тиіс.
|