дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

болмысын көрсететін:
- «Өнер мен көркемдік қызметтің адам және қоғам өміріндегі рөлі»;
- «Өмір мен өнердің рухани-адамгершілік проблемалары»;
- «Әсем өнерлер тілі және көркем бейне»;
- «Әсем өнер түрлері мен жанрлары» бөлімдерімен ұсынылған. Сабақтың, сабақтан тыс іс-шаралардың тәрбиелік мақсатын «Мәңгілік Ел»
идеясымен ұштастырып жүзеге асыру ұсынылады.
«Бейнелеу өнері» пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау барысында 2017-2018 оқу жылында мерекеленетін мерейтойлық шараларға көңіл бөлу ұсынылады:
– Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына 80 жыл (1937-2017);
– Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл (1992-
2017);
– «ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» Халықаралық көрмесі (2017жылғы маусым-қыркүйек).
«Бейнелеу өнері» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 6-сыныпта – аптасына 1 сағат, жалпы саны – 34 сағат.
«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ САЛАСЫ
«Технология»пәнін оқыту бағыты білім алушыларды материалдыққұндылықтардың заманауи өндірісінің негізгі технологиялық процестерімен таныстыруға, кейінгі кәсіптік білім алуға және еңбек етуге қажетті дайындықтарын қамтамасыздандыруға негізделген.
Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымының жетістіктерін ескере отырып белгіленген.
Пәнді оқытудың мақсаты техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білім жүйесінің нәтижелігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамтамасыз еті, технологиялық ойлау қабілетін, орындаған жұмысына шығармашылық көзқараспен қарауын дамыту.
Оқыту міндеттері:
1) техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімін қалыптастыру;
2) құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалауды іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;
3) технологиялық ойлау қабілеті мен еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;
4) оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;
5) еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті процесінде эстетикалық, адамгершілік,
|