дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

маңызды рөл атқарады.

 

Пәнаралық байланыстар зерттеудің (эксперименттік әдіс, жобалық және модельдеу әдісі және т.б.) жалпы әдістерінде қолданылуы мүмкін. Мұғалімге пәнаралық байланыстың: бұрынғы, жалғаспалы және келешекті түрлерін қолдану ұсынылады.

 

Бұрынғы пәнаралық байланыстар – басқа пәндерден бұрын алынған білімдеріне сүйенуді қарастырады.

 

Жалғаспалы пәнаралық байланыстар – бұл байланыстар, көптеген сұрақтар мен ұғымдар бір мезгілде бірнеше пәнде зерделенуі мүмкін екенін қарастырады (мысалы, дыбыс туралы түсінік физикада, ал есту органдары – биологияда оқылады және т.с.с).

 

Келешекте пәнаралық байланыстар материалды бір пәннен оқу, сол материалды басқа пәндерден оқудан бұрын жүзеге асырылады (мысалы, атомның құрылысы туралы ұғым физика пәнінде химияға қарағанда бұрын оқытылады). Бұл жағдайда химия мұғалімі физикадан алынған білімге сүйенеді.

 

«Жаратылыстану» білім саласы пәндерінде «тұрақты даму», «даму стратегиялары», «индустриалды-инновациялық реформа», «жасыл экономика», «жасыл энергетика», «ел шаруашылығы», «таза технологиялар» терминдерінің ғылыми-теориялық және практикалық мәнін зерделеу, аймақтық және жергілікті аспектіде олардың қолданбалы ерекшелігін түсіну, «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын жүзеге асыру контексінде жаһандық геоэкономикалық кеңістікте тұрақты дамып келе жатқан ел ретінде Қазақстан Республикасы туралы ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыру және дамыту маңызды болып табылады. Сабақтардың тәрбиелік мақсаты «Мәңгілік Ел» идеясын қамтып отыру тиіс.

 

Білім саласы пәндерінен қолданбалы курстардың немесе таңдау курстарының ұсынылатын тақырыптар . Тақырыптар мұғалімдердің мүмкіндіктері және жағдайларға байланысты өзгертілуі мүмкін:

 

Биология:«Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер»,«Әлемнің ғылыми-жаратылыстану эволюциялық бейнесі», «Биологиядағы математикалық модельдер және әдістер», «Тамақтану және денсаулық», «Экологиялық этика»,« Биология және денсаулық», «Әлемнің заманауи ғылыми-жаратылыстану бейнесі», «Биологиялық белсенді қоспалар», «Бәрі біздің түп-тұқиямызда (генетика негіздері бойынша)», «Әлемнің інжу маржаны (7–9-сынып қыздарына арналған курс)», «Менің денсаулығым – менің қолымда», «Тірі жасуша жұмбақтары», (Тұқым қуалаушылықтың заңдылықтары», «Биологияның проблемалары», «Жасушалар және тері», «Үй іргесіндегі телім», «Биогеография проблемалары», «Тері – денсаулық айнасы», «Заманауи микробиология», «Нанотехнологияға кіріспе».

География:«Әлеуметтік-экономикалық географияның математикалықмодельдері және әдістері», «Картографиядағы математикалық модельдер мен әдістер», «Қазақстан географиясын оқудағы жобалық технологиялар», «Туған өлкедегі әлеуметтік-экономикалық процестерді модельдеу», «Дүниежүзілік энергетика және саясат», «Қазақстанның энергетикалық әлеуетінің дамуы»,


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 83; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.006 с.)