дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

оқытудың жан-жақты құралы болып табылады.
Мектеп оқушыларының ғылыми-жаратылыстану біліктілігі табысты қалыптасуы үшін , мұғалімге оны қалыптастырудың келесі дидактикалық шарттарын есепке алуы ұсынылады:
- білім алушылардың білімдері мен біліктілігін кешенді қолдануы бойынша өздіктерінен іс-әрекет жасауға бағыттау;
- пәнішілік байланыстың көмегімен, білімді кешенді қолдану және тасымалдау үшін білімді жүйелеу білігін қалыптастыру;
- репродуктивті іс-әрекеттен, ғылыми-жаратылыстану пәндері бойынша білім және біліктілігін кешенді қолдануға негізделген іс-әрекетке ауысу;
- кешенді мәселелерді шешу барысында түрлі білім салаларынан алынған білім және біліктілігін кеңінен қолдануға жағдай жасайтын және білім мен біліктілігін кешенді қолдану шеберлігін бекіту үшін, оқушыларды неғұрлым күрделі іс-әрекет түрлеріне араластыру.
Пәндер бойынша сабақтарда жүргізілетін практикалық және зертханалық жұмыстарды талдау, жинақтау, бағалау, болжау, есептеу, түсіндіру, құбылыстар мен процестердің сапалық және сандық сипаттарын анықтау, жобалық тапсырмалар орындау, тәжірибелер және эксперименттер жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.
Өлшеуіш ресурстары бар дәстүрлі және электрондық форматтағы білім және ақпарат көздерін, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) жан-жақты қолдану арқылы жүргізілген түрлі оқу жұмыстары тәжірибеге бағытталған ойлауды дамытуға ықпал етеді. Сабақтарда білім берудің заманауи технологияларын белсенді қолдану ұсынылады. География, физика, химия және биология сабақтарындағы компьютерлік технологиялар:
- оқу материалын зерделеу барысында мультимедиа-технологияларды пайдалануды;
- білім алушылар мен мұғалімдердің күнделікті оқу жұмысында компьютерлерді құрал ретінде өнімді қолдануды;
- пәнаралық байланыс технологиясын жүзеге асыруды;
- оқу телекоммуникациялық жобаларды орындау барысында білім алушылардың өздігінен іздеу және зерттеу жұмыстары әдісін әзірлеуді;
- интернетті пайдалану арқылы оқу материалы аясындағы ақпаратты іздеу және өңдеуді;
- есептерді шығару үшін электрондық кестелерді пайдалануды;
- виртуалды практикалық және зертханалық жұмыстар жүргізуді қарастырады.
Ақпараттық-коммункациялық технологияларды қолданумен өткізілетін сабақтарда оқу әрекетін жоспарлау барысында келесі аспектілерді ескеру ұсынылады:
– жалпы сабақтар жүйесіндегі орнын анықтау;
– білім алушылардың дайындық деңгейін есепке алумен, оқу бағдарламасының және сабақтың мақсаттарының талаптарына сәйкес, сабақ мазмұнының ұтымды жағын анықтау;
– сабақта және сабақтың жеке кезеңдерінде білім алушылардың
|