дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

материалын жақсы меңгеру үшін жаттығуларды алдымен жазбаша, кейін ауызша түрде орындауға болады.

 

6-сынып оқушылары «Шет тілі» оқу пәнін игеруде белгілі бір нәтижеге қол жеткізеді:

 

- шет тілін меңгерудің уәжін қалыптастыру және «Шет тілі» білім беру саласында өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу;

 

- шет тілі оқу құралдары арқылы өзін-өзі таныту мүмкіндігін сезіну;

 

- өзінің жеке сөйлеу мәдениетін толықтай жетілдіруге ұмтылу;

- мәдениаралық және этникалық қарым-қатынаста коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру.

 

8-9-сыныптарда (А2+В1оқу деңгейі бойынша) қатысымдық-

 

мәдениаралық құзыреттердің барлық компоненттерін дамыту жалғаса береді: грамматикалық және лексикалық минимум кеңейтіледі, тілдік және сөйлеу дағдылары нығайтылады, дискурсивті және әлеуметтік -мәдени біліктері дамиды. Бұл оқу деңгейінде өзіндік өмірлік тәжірибесі мен оқушылар білімін ескере отырып, үлгіге қарамай, вербальдық тірексіз байланысқан сөйлем құрау қабілеттерін қалыптастыру қажет.

 

Көптілді білім беруді енгізу жағдайында ағылшын тіліне ерекше назар аударылады.

 

6-сыныптарда лексикалық сөздік қорын қалыптастыру, тілдік емес пәндер бойынша бастапқы терминологиялық түсініктерді әзірлеу ұсынылады.

 

8-9-сыныптарда лексикалық сөздік қоры кеңейеді, тілдік емес пәндер бойынша терминологиялық түсініктерінің көлемі ұлғаяды.

 

Шет тілі сабақтарында білім алушылардың тұлғалық қасиетін қалыптастырудың маңызды аспектісі «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын іске асыру болып табылады:

 

- білім алушылар бойында шет тілінің қазіргі адам өмірінде және көп мәдениетті әлемдегі рөлі мен маңыздылығы туралы таным қалыптастыру, шет тілін қолдануда мәдениаралық қарым-қатынаста басқа халықтар әлемі мен мәдениетін тану құралы ретінде жаңа тәжірибе жинақтау;

 

- азаматтық теңдікті, өз халқы, туған өлкесі, өз елі үшін патриоттық және мақтаныш сезімін, өз этникалық және ұлтқа қатыстылығын сезіну, тілдерді және мәдениетті меңгеру арқылы жалпы қабылданған адамзаттық және базалық ұлттық құндылықтарды дамыту;

 

- коммуникативтік құзыреттіліктері мен мәдениетін қалыптастыру, яғни өзінің сөйлесу мүмкіндігі мен қажеттілік деңгейінде ауызша (айтылым және тыңдалым) және жазбаша (оқылым және жазылым) әртүрлі үлгіде тілді тасымалдаушымен қарым-қатынасқа дайын болуы және коммуникативтік міндеттер мен әңгімелесу әдебіне сәйкес сөйлесу және сөйлесуден басқа құралдарды барынша кең көлемде пайдалану;

 

- басқа елдердің мәдениетімен танысу арқылы өзге (бөгде) мәдениетке құрметпен қарау қарым-қатынасын қалыптастыру;

 

- ауызша және жазбаша қарым-қатынаста шет тілінде өзінің төл мәдениетін таныстыру қабілетін одан әрі дамыту.

 

Ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында шет


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 73; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.008 с.)