дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

Бейнелеу өнері

Пәнді оқыту эстетикалық сезімдерін , бейнелеу өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу; өнегелі тәжірибесін байыту, ізгілік туралы ойларын дамыту; адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі халықтардың мәдениетін құрметтеу; қиялын, кез келген іске шығармашылық тұрғыдан қарау ниеті мен икемділігін, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік қызметте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту; халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу; аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамытуға бағытталған.

 

Бағдарламадағы оқу материалы көркемдік білімнің іскерлік сипаты мен адамгершілік болмысын көрсететін блоктармен ұсынылған: «Көркемдік қызмет түрлері», «Көркемдік сауат негіздері», «Қоршаған әлемді тану», «Көркем-шығармашылық қызмет мазмұны».

 

Барлық блоктар кешенді түрде жалпы көркемдік білім мен тәрбие міндеттеріне бағытталған.

 

Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі 3, 4-сыныптарда аптасына 1 сағаттан, жылына барлығы 34 сағатты құрайды.

 

Бағалау нормалары:

 

«5» бағасы: оқушы сабақтың қойылған мақсатын толық орындай алады, меңгерілген материалды дұрыс түсіндіреді және алған білімін іс жүзінде қолдана алады; сурет композициясын дұрыс шешеді, яғни бейненің барлық компоненттерін өзара үйлесімді қиылыстырады, бейнені айрықша аңғарады және жеткізе сипаттай алады.

«4» бағасы: оқушылар бағдарлама материалын толық меңгерді, бірақ қосымша сипатта жеткіліксіз мазмұндайды; бейненің барлық компоненттерін өзара үйлесімді қиылыстырады, бірақ бейнені нақты сипаттай алмайды.

 

«3» бағасы: оқушылар сабақтың қойылған мақсатын толық орындай алмайды; меңгерілген материалды мазмұндауда дәлсіздік жібереді.

 

«2» бағасы: материалды мазмұндауда өрескел қателер жібереді; сабақтың қойылған мақсатын орындай алмайды.


 

 


 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 66; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.009 с.)