дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

 

4. «Күмәндану» – әлсіз және мұқият ойластырылмай айтылған ойларды сиретеді («Солай ма еді?», «Сіз осы айтқаныңызға сенімдісіз бе?»).

 

5. «Баламалы» – жүргізуші қарама-қарсы жағдайға назар аударып басқа көзқарасты ұсынады.

 

6. «Ешбір қисынға сыймайтын жағдайға дейін жеткізу» – жүргізуші айтылған бекітумен келіседі де, бірақ содан кейін одан қисынға сыймайтын қорытындылар шығарады.

«Тарихи қайта қалпына келтіру» - қазіргі немесе ежелгі тарихи дәуірді жаңадан жасау және ғылыми талдау мен зерттеу мақсатында археологиялық, суретті, жазбаша көздерді пайдалана отырып аймақты жаңадан жасау арқылы материалдық және рухани мәдениет объектілерін терең зерттеу үшін арналған рөлдік ойындар әдісі. Келесі ережелерді орындау керек. Біріншіден, экспозицияларда тұрмыс-тіршілік қана емес, сонымен қатар әртүрлі заттардың қызметтерін, сондай-ақ халық мәдениетін сипаттайтын үдерістер мен құбылыстарды көрсетуге тырысамыз. Екіншіден, мәдени ландшафты модельдеу, үй жануарларын асырау, мұражайлық экспозицияларды «тірілту» мақсатында дәстүрлі қолөнердің қайта тууы және ұлттық қолданбалы өнер маңызды және перспективалық міндет болып табылады.

 

5.2 Глоссарий

 

Мемлекеттік рәміздер(ұлттық) (греч.sym-bolon -белгі)–конституциямен немесе арнайы заңмен бекітілген белгілі бір мемлекеттің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын, басқалармен байланыс мұратын, белгілі бір идеологиялық мағынаны білдіретін белгілер. Ең негізгі рәміздерге мемлекеттік ту, мемлекеттік елтаңба, мемлекеттік әнұран, мемлекеттік түстер, мемлекет басшысының байрағы, мемлекеттік мөр, мемлекеттік ұраны жатады.

 

Негізгі ұлттық құндылықтар-бұл белгілі бір ұлтқа тән халық ғасырларбойы жинақтаған, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін адами қадір-қасиет, әлеуметтік-тарихи, мәдени отбасылық дәстүрлер жүйесі.

 

Өркениеттік (әлеуметтік-мәдени, мәдени-генетикалық) код–белгілібір өркениетке тән тұрақты мәдени-генетикалық белгілердің жиынтығы.

 

Азамат-белгілі бір мемлекетке заңды түрде тиесілі тұлға.

Азаматтық патриотизм–Отанға деген мемлекеттік ауқымындағысүйіспеншілік, ұлттық және құқықтық сана-сезім, азаматтық мораль: өз отбасымен, үйімен, өз халқымен, ауласымен, спорт клубымен, қаласымен, аймағымен, елімен мақтануы.

 

Азаматтық қоғам -өзін барлық деңгейде-жергілікті ұйымдардан жалпыхалықтық (мемлекеттік) деңгейге дейін қалыптастыра алатын, өзінің сұраныстары мен қызығушылықтарын таңдаулы демократиялық билік органдары, өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ азаматтық қоғам институттары арқылы ашық көрсете алатын қоғам. Тәрбие білім берудің басты мақсаты болып табылатын, азаматтық қоғам онда жауапты азаматтың міндетті түрде болуын болжайды.


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 65; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.009 с.)