дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

 

2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында «Мен - өз елімнің

 

патриотымын» тақырыбы бойынша Білім сабағын өткізуге әдістемелік ұсынымдама

 

Мазмұны

1. Сабақтың тұжырымдамалық идеясы. Таңдау негіздемесі.

 

2. Сабақтың мақсаты және кешенді міндеттері.

3. Сабақтың ресурстық картасы.

4. Сабақ өткізу бойынша ұсынымдамалар:

- 1- концентрі: 1-4-сыныптар,

- 2- концентрі: 5-7-сыныптар,

- 3-концентрі: 8-9-сыныптар. 5. Қосымша.

 

5.1. Сабақта жұмыс істеу үшін инновациялық тәсілдердің «қоржыны»

5.2. Глоссарий.

 

1. Сабақтың тұжырымдамалық идеясы. Таңдау негіздемесі.

 

«Мен-өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша білім сабағының тұжырымдамалық идеясы қоғам мүддесінде азаматтық, әлеуметтік әрекеттерге дайындықты қамтамасыз ететін өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудің қажеттілігі идеясы болып табылады.

 

Таңдау негіздемесі.

- МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ жеті берік негізі ретінде Жаңа Қазақстандық Патриотизмді түсінуге арналған мемлекет орнатудың белгілері:

1) Тәуелсіздік және Астана, Жалпыұлттық бірлік;

2) Бейбітшілік пен келісім;

3) Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият;

4) Инновация негізіндегі тұрақты Экономикалық Өсім;

5) Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы;

6) Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;

7) Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

 

- Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев «БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС: ҚОҒАМДЫҚ САНАНЫ ЖАҢҒЫРТУ» мақаласында «Туған жерден» ауқымдырақ «Туған елге» көшетін ұлттық сана-сезімді жаңарту бағдарламасын ұсынды.

 

«Туған жер» бағдарламасы:

 

- біріншіден, туған өлкенің тарихын зерттеуге, тарихи-мәдени ескерткіштер мен жергілікті ауқымдағы мәдени объектілерді қалпына келтіруге;

 

- екіншіден, елдің басқа өңірлеріне қоныстанған бизнесмендер, шенеуніктер, зиялы қауым өкілдері және жастардың жәрдемдесуімен кіші отанын қолдауға (аймақты жасылдандыру, мектептерді компьютерлендіруге


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 67; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.006 с.)