дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

тапсырмалары туралы білуге тегін мүмкіндік беріледі. Сайтты пайдаланғаны үшін мектептен де ешқандай төлем алынбайды.

 

Алдыңғы барлық жобалардан ерекшелігі Kundelik.kz жобасы бюджеттен қаржыландырылмайды. Сонымен, Kundelik.kz жүйесін әзірлеу, қолдау және дамытуға Қазақстан салық төлеушілері мен азаматтарының қаражаты жұмсалмайды.

 

Ешқандай жоба қаржыландырусыз мүмкін болмайды , сондықтан, болашақта ақылы қосымша міндетті емес қызметтер пайда болады деп болжануда. Бұл мысалы, білім беру қосымшалары және контент болуы мүмкін. «Білім алушы рейтингі» осындай міндетті емес қызмет үлгісі болып табылады. Әр ата-ана оған өз қалауымен қосылуға құқылы, ол ата-анаға нақты пән бойынша өз баласының үлгерім деңгейін сыныптың басқа да білім алушыларының үлгерімімен салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл опцияның баланың бағасын электронды күнделік түрінде әрқашан тегін кез-келген уақытта қолжетімді түрде көрсетуге еш қатысы жоқ.

 

Тұтынушы деректерін қорғауға қатысты. Kundelik.kz сайты және тұтынушылардың барлық мәліметтері «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» ММ бекітілген және «Ұлттық ақпараттақ технологиялар» АҚ мемлекеттік ақпараттық жүйесі операторына тиесілі ақпараттық-есептеу ресурстарында, яғни Қазақстан Республикасы территориясында жабық қорғалған мерзімі орталықта орналастырылады. Тұтынушылар деректері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің тікелей қарауында болады. Kundelik.kz жүйесіне кіру ешқандай деректер қолжетімді емес жабық болып табылады.

 

Kүнделік. kz ішінде әлеуметтік желі бар. Бұл байланыстың заманауи құралы, соның арқасында тұтынушылар жүйе ішінде бір бірімен қарым-қатынас жасай алады. Осы әлеуметтік желіде басқа әлеуметтік желілер сияқты анонимді тұлғалар өз бетімен тіркеле алмайды. Әр тұтынушыны мектеп тіркейді. Сондықтан, Күнделік желісіне балаларға қауіп төндіретін анонимді тұлғалар шыға алмайды, бұндай тұтынушы бірден анықталып, бұғатталады және оған Қазақстан Республикасы Заңнамасы қолданылады.

 

Сонымен қатар , әр тұтынушы өз профилін өзінің деректері ешкімге көрінбейтіндей күйге келтіруді таңдай алады . Бұл Kundelik.kz-ті жасөспірімдер қарым-қатынасы үшін біршама қауіпсіз білім беру ортасына айналдырады.

 

Тіркеу барысында ЖИН қолдануға байланысты бірқатар мәселелер туындады. Тұтынушының ЖИН-і тіркеу үшін негізгі алаң болып табылмайды. Ата-аналарға тіркелу үшін атын, әкесінің атын, туған күнін және жынысын тегін хабарлауы қажет болады. Басқа деректер міндетті емес және тіркелу үшін талап етілмейді. Ата-аналардың тіркелуі өз қалауы бойынша іске асады, себебі, үлгерім туралы ақпаратпен қатар, ата-ана мұғалімдер және мектеп әкімшілігінен жеке хабарлама да ала алады. Сөйтіп , ата-аналар мен педагогтер арасында тікелей онлайн қарым-қатынас орнайды. Сонымен қатар, болашақта ата-аналарға арналған, мысалы, Ата-аналар Кеңесі және т.б. ақпараттық бөлімдер пайда болады.


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 64; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.009 с.)