дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Білім, білік, дағдыларын жетілдіруде және қалыптастыруда өтілген материалды бекітуге дербес оқытуды тиімді пайдалануға болады. Дербес оқытуды тиімді пайдаланғанда әрбір білім алушының белсенді оқу әрекеті қамтамасыз етіледі. Ол әрбір білім алушының жеке қарқынды жұмыс істеуіне; білімде кеткен ақтаңдақтарды жоюға, саралап оқуға, әрбір білім алушының жұмысын жандандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар дербес оқыту білім алушының өзіндік бақылауын күшейтеді, өздігінен білім алуының негізі болып табылады.
18. Көркем-эстетикалық циклі пәндері бойынша оқу процесін ұйымдастыру барысында көркем-технологиялық тәсіл қолданылады.
Көркем-технологиялық тәсіл материалдар мен құралдардың негізін, композициялық заңдылықтарын, түстердің кіріспе негіздерін, көркем еңбек объектілерін құрастырудың технологиялық реттілігі туралы білімдерін қолдануға бағытталған білім алушының немесе топтың оқу-танымдық іс-әрекетін қамтамасыз етеді.
Нақты тәсілмен ресімделген іс-әрекеттің нәтижесін, реттілігін, келісілген оқыту әдістерінің көркем-технологиялық тәсілін қамтамасыз етеді.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі
Білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесіне көшу қарастырылған. 2017-2018 оқу жылында жаңа бағалау жүйесіне 1, 5, 7-сыныптар көшеді. 2-сыныптарда критериалды бағалау жүйесін енгізу жалғасатын болады, негізгі мақсаты сапалы бағалау мен тұлғаны дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, қоршаған әлеммен тиімді өзара әрекет етуге, өздігінен білім алуға және дамуға дайын, алдына ала белгілі және нақты критерийлер бойынша объективті бағалау болып табылады.
Жаңа бағалау жүйесі білім алушыда өз әрекетін бақылау мен бағалау, туындаған қиындықтардың себептерін анықтау мен қалпына келтіру қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқыту процесі білім алушылардың бойында функционалдық сауаттылықты және кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Бұл оқыту процесінде оқу процесін дәстүрлі ұйымдастырудан алшақтап, білім берудің 6 саласы бойынша айқындалып күтілетін нәтижелерге негізделеді және білім алушылар «біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды », «жинақтайды», «бағалайды», яғни іс-әрекеттік аспектіні болжайтынын ескеру маңызды.
Оқыту мақсаттары күтілетін нәтижелер түрінде ұсынылып отыр. Әрбір бөлімшелерге дәйекті түрде енгізілген оқыту мақсаттары, мұғалімдерге өз жұмысын жоспарлауға және білім алушылардың жетістіктерін бағалауға мүмкіндік береді.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау оқыту мақсаттарымен жоспарланған, қол жеткізген нәтижелері дәрежесіне сай алдын ала белгіленген нақты критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады.
Осыған байланысты , білім алушының жеке тұлғасы емес, оның жұмысы ғана бағаланады; білім алушының жұмысы басқа білім алушылардың
|