дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

4) бірнеше оқу мақсаттарын ұйымдастыру негізінде жекелеген пәндер бойынша үй тапсырмасының оқу жобасының нысаны;
5) шығармашылық сипаттағы үй тапсырмасын орындау мерзімі (мысалы, модель жасау, жоба дайындау, қызықты тарих, өз ертегісі бойынша киносценарий жазу) бір білім алушыға айына кемінде бір апта және бір тапсырмадан артық емес шегінде беру ескеріледі;
6) бейнелеу өнері, көркем еңбек, музыка, өзін-өзі тану, еңбекке баулу, технология, алғашқы әскери дайындық, алғашқы әскери және технологиялық дайындық және дене шынықтырудан үй тапсырмасын басқа пәндермен кіріктіру ұсынылады;
7) білім алушылар сабақта оқыту мақсаттарына жетсе ("біледі", "түсінеді", "қолданады", "талдайды", "бағалайды" және "жинақтайды") үй тапсырмасын орындау қажеттілігі болмайды.
Үй тапсырмасын:
1) мерекелік және демалыс күндері (жалпы дамуы үшін көркем, қосымша әдебиеттерді оқу, математикалық мектептер үшін жобалық жұмыстар орындау мен есептер шешуден басқа);
2) бақылау жұмыстарын өткізгеннен кейін;
3) бірінші сынып білім алушыларына (екінші жартыжылдықтан бастап көлемі 20 минуттан аспайтын уақытта оқу бойынша тапсырмалар болуы мүмкін) бермеу ұсынылады.

Назар аударыңыз!
Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында үй тапсырмасын ұйымдастыру және орындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдама ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы
24 сәуірдегі № 182 бұйрығымен бекітілді.
Осы ұсынымдамаға сәйкес үй тапсырмасын дайындау уақытын қысқарту үшін 5-11-сыныптарда қосарланған сабақтар өткізуге болады. Қосарланған сабақтарды қандай оқу пәні арқылы жүргізуді әр мектептің әкімшілігі өздері анықтайды, шектеу қойылмаған.
Үй тапсырмасын (бір оқу күніне) орындауға жұмсалатын уақыт шығынын ескере отырып, тапсырманың көлемі бойынша нормативтер өзгертілді.
Үй тапсырмасын орындау 2-сыныпта 50 минуттан, 3-4-сыныптарда
70 минуттан, 5-6-сыныптарда 90 минуттан, 7-9-сыныптарда 110 минуттан, 10-11-сыныптарда 130 минуттан аспауы тиіс.
Орта білім беру ұйымдарының басшыларына педагогикалық қызметкерлердің үй тапсырмасын ұйымдастыру бойынша жұмыстарының кезеңділігі мен мерзімдерін басқаруды мектепішілік бақылау жоспарында, мектеп директорының бұйрығымен жыл сайын бекітіп отыру ұсынылады.
Үй тапсырмасын беру кезінде бастауыш сынып мұғалімдеріне, пән мұғалімдеріне:
|