дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

біліміндегі олқылықтарды анықтауға және олардың өсуін көрнекті түрде көрсетуге бағытталған

Критериалды бағалау жүйесінің үлкен артықшылығы білім алушыға түсетін күйзеліс жүктемесінің төмендеуі болып табылады. Бірлескен ынтымақтастықта өзіндік, жұптық, топтық жұмыс дағдыларын иелену процесі белгісінен, маңызды әлеуметтік құзыреттілікті дамытуға өзгереді.

 

Критериалды бағалау білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, оқытудың ізгілікті , достық ортасын құру, оқу процесінде білім алушыларды қолдау, білім алушылардың оқуға деген ынтасын одан әрі нығайту, зерттеу, шығармашылық іс-әрекеттерге қатысу үшін пайдаланылады.

 

Бағалаудың жаңа жүйесі мұғалімнің ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және ата-аналармен тығыз байланыс орнатуды талап етеді.

 

Білім алушылардың ата-аналарына бағалаудың жаңа жүйесінің мақсаты мен негізгі принциптері түсіндіріледі, ата-аналар үшін практикалық тренинг немесе шеберлік сыныптары өткізіледі.

Мұғалім ата-аналар жиналысын критерийлері алдын-ала белгілі тапсырмалар тарату, дескрипторларды талқылау және ата-аналармен топтық немесе жұптық жұмыс жүргізу арқылы, сабақ түрінде өткізуіне болады. Сабақта ата-аналарға да олардың балаларына берілген сияқты өзін-өзі бағалауға, өзара бағалауға, нәтижелерді талқылауға мүмкіндіктер беріледі. Мұндай жағдайда, ата-аналар жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқу процесімен танысады, бағалау механизмдерін түсінеді, өз балаларының жетістіктерімен бөліседі , жаңартылған бағдарлама туралы практикаға бағытталған нақты ақпарат алады. Бұл тәжірибе жаңа білім стандартын ата-аналардың түсінуі мен қанағаттануын қамтамасыз етудің үлгісі болып табылады.

 

Ата-аналарға бағалаудың жаңа жүйесі білім алушылар үшін қолайлы білім ортасын құруға ықпал ететінін түсіндірудің маңызы зор.

 

Мұғалім бағалауды өткізу кезінде тек мұғалімдерге ғана емес, сонымен қатар ата-аналар мен білім алушыларға да көмек ретінде әзірленген кешенді әдістемелік материалдарды міндетті түрде пайдалануы керек:

 

ü Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына қосымша, 2017 жылғы сәуір);

ü «2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хат;

ü Бастауыш мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық;

ü Сыныптар, пәндер және тілдер бөлінісінде қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы;


 

 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 83; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.007 с.)