дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

1-кесте – Оқу процесі мен мектепішілік бақылауды ұйымдастыруды жүзеге асыру нормативтері
№
Бақылау нысаны
Норма
р/с
Сабақтарға және сыныптан
Айына 2-3 сабақ (мектеп
тыс іс-шараларға қатысу және
директорлары үшін)
оларды талдау
Айына 8-10 сабақ (директордың
орынбасарлары үшін);
Сынып журналдарын тексеру
Тоқсанына 1 рет
Білім алушылардың
Тоқсанына 1 рет
күнделіктерін тексеру
Пәндер бойынша оқу
Тоқсанына 1 рет, жылына 4 рет
бағдарламаларының
орындалуын тексеру
Білім алушылардың жеке
Жылына 2 рет (сынып жетекшілері
істерін тексеру
үшін)
Пәндер бойынша тақырыптық
Жылына 2 рет
және күнтізбелік жоспарларды
тексеру
Бақылаудың негізгі түрлері ауызша, жазбаша нысанда және олардың байланысы арқылы жүзеге асырылады. Бақылаудың формасын таңдау оқу пәнінің мазмұны мен ерекшелігіне, оқуға бөлінетін сағат санына, оқу кезеңіне, жопарланған оқу нәтижесіне, білім алушылардың жас және жеке ерекшелігіне байланысты.
Бақылау жұмыстары білім беру ұйымының жетекшісі бекіткен кестеге сәйкес өткізілуі қажет. Бақылау жұмыстарын дүйсенбі, жұма және соңғы сабақтарда өткізу ұсынылмайды.
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқу процесіне қатысушыларды кешенді қолдауды Академия сайты (www.nao.kz) қамтамасыз етеді. Мұғалімдерге көмек ретінде сайттың келесі бөлімдері ұсынылады:
- «Білім беруді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету» (әдістемелік-нұсқау хат, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім), бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары, нормативтік-құқықтық база);
- «Білім беруді ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» (әдістемелік құралдар, ұсынымдар мен нұсқаулықтар, тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері, Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері);
- «Семинарлар, конференциялар» (Академияда өткізілетін іс-шаралар туралы ақпараттар: ғылыми-практикалық конференциялар, тақырыптық семинарлар және т.б.);
- «Журналдар» (Академияда шығарылатын «12 жылдық білім беру –
|