дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес жиынтық бағалауды өткізу күні белгілі себептермен (ауыруына, жақын туыстарының қайтыс болуына, конференцияға, олимпиадаға және ғылыми жарыстарға қатысуына байланысты) келмеген білім алушы мектепке келген соң екі апта ішінде жиынтық бағалаудан өтуі тиіс.

Білім алушы екі аптадан артық белгілі себептермен (ауыруына, жақын туыстарының қайтыс болуына, конференцияға, олимпиадаға және ғылыми жарыстарға қатысуына байланысты ) болмаған жағдайда, мектеп құрған жеке кестеге сәйкес жиынтық бағалаудан өтуі тиіс.

 

Бөлім (ортақ тақырып) және тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың нәтижелері болмаған жағдайда білім алушы уақытша аттестатталмаған болып есептеледі.

 

Үлгерім бойынша есеп беру кезінде уақытша аттестатталмаған білім алушылар ескерілмейді, олардың үлгерімі бойынша есеп қосымша тапсырылады.

 

Білім алушылардың жиынтық бағалау бойынша балл түріндегі нәтижелері балдарды бағаға ауыстыру шкаласына сәйкес тоқсандық және жылдық бағаға ауыстырылады.

 

Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелері туралы ақпарат білім алушылар мен ата-аналарына немесе олардың өзге де заңды өкілдеріне қағаз немесе электрондық түрде беріледі (айдарлар, шолулар және т.б.).

 

1-сыныпта бірінші жартыжылдықтың оқу материалын меңгеру деңгейіне жиынтық бағалау жүргізілмейді, тиісінше тоқсандық бағалар тек 3-ші және 4-ші тоқсандарда қойылады.

 

Тоқсандық баға 50% де 50% пайыздық қатынасында бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелерінің негізінде қойылады. Бұл білім алушы тоқсандық бағаның 50%-ын бөлімдер/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау нәтижелері, 50%-ын – тоқсандық жиынтық жұмыстың нәтижелері бойынша жинайтынын білдіреді. Осы екі бөліктің қосындысы тоқсанға қойылатын қорытынды бағаны көрсетеді.

 

1-сыныпта жылдық баға 3-ші және 4-тоқсандардағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау және тоқсандық жиынтық бағалау нәтижелерінің негізінде 50% де 50% пайыздық қатынасында қойылады. Жылдық бағаны есептеу үшін білім алушының бөлімдер/ортақ тақырыптар үшін алған жиынтық бағалауының және тоқсандық жиынтық бағалауының жалпы балдары қосылады. Бұдан әрі оқу жылының балдық пайыздық мазмұны пайыздық қатынаста (50%:50%) анықталады. Бағаларды санау электрондық журналға енгізілген формула бойынша автоматты түрде жүзеге асырылады.

 

Тоқсандық және жылдық бағаларды қайта қарауға рұқсат етілмейді. Білім алушыларды денсаулығына байланысты дене шынықтыру

 

сабағынан босату олардың келесі сыныпқа көшірілуіне әсер етпейді. Электронды журналдың формасы кесте түрінде берілген, бұл кестеге

 

білім алушылардың тоқсан барысындағы жетістіктері енгізіледі (бөлімдер


 

 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 72; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.006 с.)