дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

2016-2017 оқу жылында мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау және ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру форматы өзгерді. Мектеп бітірушілер жоғары оқу орнына түсу үшін міндетті үш пәннің қатарында «Математикалық сауаттылық», «Оқу сауаттылығынан» емтихан тапсырды.

 

Оқу сауаттылығы – білім алушылардың мәтін мазмұнын түсіне білу және оларға ой жүгірте білу, мәтін мазмұнын өз мақсаттарына жету үшін пайдалана білу, қоғам өмірінде белсенділік таныту мақсатында білімдері мен мүмкіндіктерін дамыту қабілеттері. Оқу жылдамдығы мен мәтінді дәлме-дәл түсіну бағаланбайды, мәтінге арналған рефлексия мен ұғым, оқығанын өмірлік мақсатында жүзеге асыруы үшін пайдалануы бағаланады.

Математикалық сауаттылық – әлемдегі математиканың рөлін айқындау және түсіне білу, математикалық тұжырымдарды дәлелді негіздей білу және қызығушылығы бар, ойлы азаматқа тән қажеттіліктерді


 


 

қанағаттандыру үшін математиканы қолдана білу қабілеттері. Ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы – жаратылыстану

 

ғылымындағы білімін қолдана білу, қоршаған ортаны және адамзат енгізген өзгерістерді түсіну үшін, табиғи-ғылыми мәселелерге қатысты және ғылыми дәлелдермен негізделген сұрақтарды анықтап тану және негізделген қорытынды жасай білу қабілеттері.

 

Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруын тексеруге арналған тапсырмалардың үлгілері ОЖСБ мен ҰБТ-ға дайындық оқу-әдістемелік құралдарында қамтылған.

 

«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының мазмұны 2-4-сыныптарда «Дүниетану» оқу курсының аясында жүзеге асырылады; 2-3-сыныптарда жылдық оқу жүктемесі 6 сағат, 4-сыныпта 10 сағат көлемінде бастауыш сынып мұғалімдері жүргізеді. 5-9-сыныптарда «Дене шынықтыру» оқу курсының аясында 15 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен дене шынықтыру мұғалімінің оқытуымен іске асырылады; 10-11 -сыныптарда «Алғашқы әскери дайындық» оқу курсының аясында 25 сағаттық жылдық оқу жүктемесімен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы жүзеге асырады. Өмір қауіпсіздігінің негіздері бойынша сабақтар міндетті болып табылады және оқу процесі кезінде жүргізіледі.

 

«Жол қозғалысы ережелері» оқу курсының мазмұны 1-4-сыныптарда әрбір сыныпта 6 сағаттан сынып сағаттары есебінен, 5-8-сыныптарда аталған оқу курсы сыныптан тыс уақыттарда сынып сағаты мен факультатив сабақтар есебінен әрбір сыныпта 10 сағат көлемінде іске асырылады.

 

1-8-сыныптарға арналған сабақтардың үлгілік тақырыптары қоса беріліп отыр (4-қосымша).

 

Оқу жылының ұзақтығы мектепалды даярлық сыныптарында – 32 оқу аптасы, 1-сыныпта – 33 оқу аптасы, 2-11 (12) - сыныптарда – 34 оқу аптасы

 

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 76; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.008 с.)