сыныптарда білім сабағын «Мен – өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша жүргізу ұсынылады. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

сыныптарда білім сабағын «Мен – өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша жүргізу ұсынылады.

Поиск

1-9-сыныптарда білім сабағын «Мен – өз елімнің патриотымын» тақырыбы бойынша жүргізу ұсынылады.

 

Сабақты жеке-жеке үш концентр бойынша өткізуге арналған әдістемелік ұсынымдамалар: (1-4-сыныптар, 5-7-сыныптар, 8-9-сыныптар) осы ӘНХ-та ұсынылған.

 

10-11-сыныптарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бойынша интерактивті сабақ өткізіледі.

 

ҚР Білім және ғылым министрлігі әзірлеген бейнефильм 22 тамыздан кешіктірілмей білім басқармаларына (бөлімдеріне) жіберілетін болады.

 

ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы бойынша Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Тұңғыш Президент күнін, Тәуелсіздік күнін атап өту аясында интерактивті сабақ өткізу үшін бейнефильм дайындады. Оған қоса сабақтың тұжырымдамасы мен сабақты өткізу бойынша мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсынымдамалар әзірленді. Сабақтың тұжырымдамасы әдістемелік-нұсқау


 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

 

хатқа қоса беріледі. Бейнефильм мен мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсынымдамалар білім басқармаларына (бөлімдеріне) жіберілетін болады (5-қосымша).

 

Вариативті компоненттен 9 -сыныптар үшін міндетті түрде «Зайырлылық және дінтану негіздері» курсын оқытуға 1 сағат апталық жүктеме беріледі. ҚР Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 15 шілдедегі № 281 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламалары бойынша аталған курсты біліктілікті арттыру курстарынан өткен тарих пәні мұғалімдері жүргізуі тиіс.

Мектеп және білім алушы компонентінің пәндері бойынша емтихан жүргізілмейді.

 

Білім мазмұнын жаңарту аясында мектепте білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту білім берудің басым мақсаттарының бірі ретінде айқындалып отыр.

 

Функционалдық сауаттылық әр мектеп пәнінің негізінде қалыптасады. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және оның қалыптасуын тексеру құралы шығармашылық сипаттағы тапсырмалар (зерттеу жұмыстарына бейімделген тапсырмалар; экономикалық, тарихи мазмұндағы тапсырмалар; тәжірибеге бағытталған тапсырмалар т.б.) болып табылады.

 

Білім алушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау (ОЖСБ) аясында білім алушылардың функционалдық сауаттылығы бағаланады. Функционалдық сауаттылықты тексеруге арналған тест тапсырмалары алғаш рет 2014 жылы ОЖСБ тапсырмаларына қосылды.

 

Функционалдық сауаттылық, кеңінен алғанда, тұлғаның мектепте алған білімі, білігі мен дағдысын адамзат қызметінің әртүрлі саласында, сонымен бірге тұлғааралық қатынастар мен әлеуметтік байланыстарда кездесетін тіршілік міндеттерін жан-жақты шеше білу қабілеті ретінде түсіндіріледі.

 

Білім алушылардың оқу жетістігін сырттай бағалау аясында функционалдық сауаттылықтың мынадай түрлері бағаланады: оқу сауаттылығы (қазақ тілі, орыс тілі ); математикалық сауаттылық; ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы (физика, химия, биология, география).

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 77; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.)