дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

 

деректерін импорттауға болады. Тұтынушыларға қолдау көрсету порталындағы мақалада : https://help.kundelik.kz/hc/ru/articles/218493437 қажетті үлгідегі тұлға импорты бойынша нұсқаулық бар.

 

ü Жүйеде жұмыс істеу үшін қандай браузерді пайдалану қажет? Арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату қажет пе?

 

Жоқ, Жүйеге кіру және жұмыс істеу қарапайым браузермен іске асады. Тұтынушыларға қолдау көрсету порталындағы «Ұсынылатын браузерлер» мақаласында: https://help.kundelik.kz/hc/ru/articles/218352647 Жүйенің дұрыс жұмыс істеуіне кепілдік беретін және қолдайтын браузерлер тізбесі бар. Мақала ақпараттары ай сайын жаңартылып отырады.

Kundelik.kz пайдалануға қатысты кез келген сұрақтар, қиындық туындаған жағдайда https://help.kundelik.kz/hc/ru адресіндегі Тұтынушыларға қолдау көрсету орталығына хабарласуға болады

 

Сонымен қатар www.kundelik.kz сайтында көрсетілген компания Call орталық да көмек көрсетеді.


 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

 

1 12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУГЕ КӨШУ . МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ СЫНЫПТАРЫНДА ЖӘНЕ ТОПТАРЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ МЕН ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту баланы жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес жан-жақты дамытуға, әлеуметтік дағдыларға қол жеткізуді қамтамасыз ететін адамгершілік нормаларын қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесінің негізі.

 

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – БҒДМБ) аясында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың басты міндеті балаларды мектепке сапалы дайындауға бағытталған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын жаңарту.

Балаларды мектепке сапалы дайындауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесіндегі басым бағыттары айқындалған:

 

- білім беру ұйымдарында педагог кадрлардың сапалық құрамын жақсарту және мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту педагогі кәсібінің беделін көтеру;

 

- демографиялық жағдайды ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту;

 

- балаларды мектепке сапалы дайындауға бағытталған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту.

 

2017-2018 оқу жылында меншік нысанына қарамастан мектепалды даярлық сыныптарының (топтарының) барлық түрлері мен нысандарында білім беру процесі ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандартына (бұдан әрі – МТОМЖБС), ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (бұдан әрі –Үлгілік бағдарлама), ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 22 маусымдағы

 

№ 391 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына (1 қосыша) және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына арналған әдістемелік нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) сәйкес ұйымдастырылады.

 

Үлгілік бағдарламаның мазмұнын игеру балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп оларды жан-жақты дамытуға бағытталған «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық» және «Әлеумет» білім беру салаларын кіріктіру арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын енгізуді қамтамасыз етеді.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын енгізу білім беру ұйымдарында білім беру процесін жетілдіруге ықпал ететін жаңа тәсілдерді талап етеді.

 

Ұйымдастырылған оқу қызметтері Перспективалық жоспар мен Үлгілік оқу жоспарына сәйкес іске асырылады.


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 74; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.)