дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

тұрғысынан айтылатын мәнмәтіндегі сөйлем болуы мүмкін.

 

Соңғы жол – бұл түйіндеме -сөз, тақырыпқа жаңа интерпретация беріп және оған өзінің жеке қатынасын білдіруге мүмкіндік береді. Мүмкіндігінше синквейннің тақырыбы эмоционалды болуы тиіс.

 

«Ақыл картасы» әдісі. Ақыл картасымен жұмыс істеу технологиясын Тони Бьюзен қатысушылардың визуалды ойлау қабілетін дамыту үшін құрастырған.

 

Ережелер орындалуы керек. Қағаз көлденең жатуы тиіс. Ең негізгі элементі ең ортасында орналасады . Осы карта туралы адамның аты, кітаптың атауы, жоспардың атауы. Орталық міндетті түрде түрлі-түсті болуы тиіс, кем дегенде үш түсті ! Ал қалғандары осы орталықтың айналасында орналасады. Карта – бұл ағаш. Тұтастық – ол дөңгелек. Дөңгелек – тұтастықтың белгісі.

 

Барлық тақырыпшалар міндетті түрде бір-бірімен байланысты болуы керек. Әйтпесе ол карта емес, тағы мәтін болып кетеді. Әсіресе центрдегі тақырыпты басқа тақырыпшалармен байланыстыратын сызықтар маңызды. Бұл сызықтар әрқайсысының өзіндік түсі, формасы болады және бұл сызықтарда сөздер (тек сөйлем емес) жазылуы мүмкін . Мысалы, тақырыпшаларды гүл түрінде құрастыруға болады . Жасыл түсте – аса маңызды емес шаруалар, көк түсте - міндетті шаруалар, қызыл түсте – шұғыл шаруалар. Суреттер ақыл картасындағы ең маңызды элементтер, осының арқасында картаны оқу және түсіну біршама жылдам болады.

 

Әрбір маңызды желі немесе тораптан келесі топиктердің желі сызықтары тарайды (бұл, мысалы, шеңбер, немесе сопақша, немесе ромб).

 

Өзгертілген Дебаттар.

 

Бұл Дебат нысанының белгілі бір элементтерін пайдалану немесе ережелеріне біраз өзгерістер енгізілген Дебат түрі.

 

- сөйлеу регламентінің қысқаруы,

- командадағы ойыншылар санының көбеюі,

- аудиториядан сұрақ қою мүмкіндігі бар,

- тайм-аут кезінде аудиториямен сөйлесуге мүмкіндік болуы,

- ойынның соңында ымырашыл, дұрыс шешім қабылдайтын топтың құрылуы,

 

- ойынның жүргізушісі мұғалім болады.

Жобалық дискуссия. Бұл белгілі бір тақырыпта жоба дайындау және қорғау әдісіне негізделген . Топтық талқылаудың тиімділігін асыру үшін қажет әдістерді дискуссия жасау арқылы білуіміз керек:

 

1. Ойды дәлелдеуге және рәсімдеуге арналған нақтылайтын сұрақтар («Сіз мұнымен нені айтқыңыз келіп тұр...?», «Сіз мұның дұрыс екенін қалай дәлелдейсіз?»).

 

2. Парафраз – айтылғандарды түсініп, нақтылау және қайта ойластыруға ынтылындыру үшін кейбір сөздерді қайталау («Сіз былай деп айттыңыз...сонда?», «Мен сізді былай түсіндім...?»)

 

3. Түсініспеушілік таныту – қатысушылардың пікірлерді нақтылап түсінуге, қайталауға итермелеу («Мен сізді түсінбедім, сіз не дегіңіз келіп тұр, өтінемін, түсіндіріңізші...?»).


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 94; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.006 с.)