дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

қарағанда шамамен 15-20 сөзге артық болуы тиіс.

 

Шығарма тақырыбын таңдауда оның өмірмен байланыстылығы, балалар тәжірибесі мен қызығушылығына жақындығы , мазмұнының, мәтін құрылысы мен оның тілдік безендірілуінің қолжетімділігі ескерілуі қажет.

 

Бастауыш сыныптарда мазмұндама мен шығарма үйретушілік сипатта болатынын ескере отырып, үйретушілік сипаттағы шығарма мен мазмұндама үшін қанағаттанарлықсыз баға қойылмайды , қанағаттанарлықсыз баға тек 4-сыныптың бірінші жартыжылдығы соңында бақылау мақсатындағы шығарма үшін және оқу жылының соңында бақылау мақсатындағы мазмұндама үшін қойылады.

 

3-cыныпта мазмұндама, шығарманы тексергенде,. 1 баға қойылады; 4-сыныпта мазмұндама және шығарма үшін 2 баға қойылады: 1 баға – мазмұны үшін, 1 баға сауаттылығы үшін.

 

«5» деген баға автордың мәтіні (мазмұндама) жүйелі әрі дұрыс баяндалса; тақырып толығымен ашылған болса, сөздік қоры бай және сөздерді қолдануда, сөз тіркестері мен сөйлемдерді құруда кемшіліктер жоқ болса; сондай-ақ орфографиялық қате (1-2 түзету рұқсат етіледі) жіберілмесе, қойылады.

 

«4» деген баға жұмыста автор мәтіні (мазмұндама) дұрыс, барынша толық берілген , мәтін мазмұны ашылған (шығарма), бірақ ойды баяндаудың бірізділігі шамалы ауытқыған, аздаған (1-2) фактілік және сөз қателері, сондай-ақ 1-2 емле қате, 1-2 түзету болған жағдайда қойылады.

 

«3» деген баға мәтін мазмұнында ауытқушылықтар бар (мазмұндама), тақырыптан біршама алшақтаған (шығарма), ойдың баяндау бірізділігі бұзылған жағдайда, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер болғанда, сөздік қоры аз, 3- 6 қате және 1-2 түзету болғанда қойылады;

 

«2» деген баға қорытынды мазмұндама мен шығармалар мазмұнынан айтарлықтай алшақтаған, қателері көп, ой жүйесі сақталмаған, бөлімдер арасында байланыс жоқ, сөздік қоры жұтаң, 6-дан артық қате және 3-5 түзету болған жағдайда қойылады.

 

Үйрету мақсатындағы мазмұндама мен шығарма сыныпта мұғалімнің басшылығымен орындалады . Оқушыларға (3, 4-сыныптар) мазмұндама жазғызу оқулық мәтіні және таныс емес мәтіндер негізінде кезектестіріп жүргізілуі керек.

 

Сөздік диктанттар ағымдағы тексеру жұмысы және бақылау (тоқсанына 1 рет) ретінде өткізіледі. Сөздік диктанттардың мазмұны жазылуы ережемен реттелмейтін сөздерден құралады.

 

Сөздік диктантқа берілетін сөздер саны:

 

- 3-сыныпта – 8-10 сөз;

- 4-сыныпта – 10-12 сөз. Сөздік диктантты бағалау: «5» – қатесіз; «4» – 1 қате, 1 түзету жіберілсе;

«3» – 2 қате бар, 1 түзету жіберілсе; «2» – 3-5 қате жіберілсе.

 

Тест тапсырмаларын бағалау


 

 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 68; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.)