дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

жатқа айтатын, бірақ оны толық білмейтін; өлең мәтінін бірсарынды оқитын жағдайда қойылады.

 

Оқушыға «2» деген баға сөздерді толық оқыған; 6 және одан да көп қате жіберген; негізгі ойды көрсете алмайтын және қосымша сұрақтар арқылы мәтінді бөліктерге бөле алмайтын; өлең мәтінін жатқа толық білмейтін сөздерді нақты айтпайтын жағдайда қойылады.

 

4-сыныптағы бағалау нормалары:

 

Оқушыға «5» деген баға әдеби сөздерді оқудың барлық негізгі нормаларын сақтай отырып, жылдам, түсініп, саналы , дұрыс оқыған ; дұрыс ойын дауыс ырғағы арқылы жеткізіп, мәтінді толық, қысқаша және таңдап айтып беретін; өздігінен қарапайым жоспарларды құратын , оқыған мәтіннің негізгі ойын анықтай алатын; белгілі тақырыпқа сай (табиғат, оқиға, кейіпкерлер туралы) әңгіме құрастыра алатын; өлеңді жатқа мәнерлеп айтатын жағдайда қойылады.

 

Оқушыға «4» деген баға мәтінді түсіне отырып, жылдам әрі мәнерлі оқыған, кідірістер мен логикалық екпінді дұрыс қолдана алған, оқығанда және кідірістер мен логикалық екпінді анықтағанда 1-2 қате жіберген, мәтінге сай жоспар құрастыра алған, мәтін мазмұнын толық айтқан; өздігінен мәтіннің негізгі ойын анықтай алған, өлең мәтінін мәнерлеп жатқа айтқан, бірақ шамалы дәлсіздіктер жіберілген жағдайда қойылады.

 

Оқушыға «3» деген баға саналы түрде және бірсарынды оқыған, жеткіліксіз мәнерлеп оқитын, оқуда 3-тен 5-ке дейін қате жіберілген; мәтін мазмұнын толық және қысқаша жеткізетін , мұғалімнің жетелеуші сұрақтары арқылы жоспар құрастыра алатын, мәтінді жатқа айту барысында жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен түзететін жағдайда қойылады.

 

Оқушыға «2» деген баға жеке сөздерді толық оқыған, көп мөлшерде сөздерді және буындарды ауыстырып, тастап кету қателіктерін жіберген , мәтін мазмұнын жетік меңгермеген, сөздерді толық оқи алмаған, 6 және одан да көп қате жіберген (ІІ жартыжылдықта), мәтіннің мазмұнын тікелей, қысқаша және өз қалауынша айта алмайтын, мұғалімнің жетелеуші сұрақтары арқылы өздігімен жоспар құра алмайтын, жатқа айту барысында өлеңді толық жеткізе алмаған жағдайда қойылады.

 

Оқушылардың үйде оқуын бағалауда алдын ала дайындықсыз оқуға қарағанда жоғарырақ талаптар қойылады.

 

Сабақ барысында оқу үшін баға оқушының ауызша жауабы мен өз бетімен оқуы негізінде қойылады. Бағаға оқу көлемі: 3-сыныпта – 1/3 беті; 4-сыныпта – 1/2 беті болуы керек.

 

Оқушының оқу дағдысын қорытынды тексеру жылына үш рет: кіріс тексеру, І және ІІ жартыжылдықтың соңында жүргізіледі.

 

17-кесте – Оқу техникасының нормасы (минутына оқылатын сөздер саны)

 

Сыныптар

3-сынып

4-сынып

І жартыжылдық

60 сөз және одан артық

75 сөз және одан артық

ІІ жартыжылдық

65 сөз және одан артық

80 сөз және одан артық

 


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 130; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.006 с.)