дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

түсіндіріп және есептің сұрағына нақты жауап беру); тәжірибелік жұмыстарды дұрыс орындаған жағдайда қойылады.
Оқушыға «4» деген баға «5» деген бағаның талаптарына сай болып, бірақ жауабында дәлдіктер болмаған; есептеуде тиімді тәсілдерді қолданбаған; осы кемшіліктерді оқушы мұғалімнің сілтемелерімен өздігінен түзете алған жағдайда қойылады.
Оқушыға «3» деген баға өтілген сұрақтардың жартысынан көбін меңгерген, есепті шығару барысында қателер жіберген және сол қателерді мұғалімнің көмегімен түзеткен жағдайда қойылады.
Оқушыға «2» деген баға оқу бағдарламасын меңгермеген және мұғалімнің көмегімен есепті шығара алмаған жағдайда қойылады.
Оқушының күнделікті жұмысына мұғалімнің жүргізген бақылауы, ауызша сұрақтар, ағымдық және қорытынды бақылау жұмыстарының нәтижелері қорытынды баға қоюға негіз болады. Дегенмен ағымдық және қорытынды бақылау жұмыстарына көп мән беріледі.
«ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» БІЛІМ САЛАСЫ Дүниетану
Оқу пәні қоршаған әлем тұтастығы туралы білім мен адамзаттың табиғатпен қарым-қатынас жүйесі негізінде жалпы адами құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.
«Дүниетану» пәнін меңгеруде бастауыш сынып оқушылары биология, экология, география пәндерінің қарапайым ұғымдарымен танысады. «Дүниетану» пәнінің сабақтарында мұғалімге зілзалалардың, экологиялық апаттардың қауіп-қатері жағдайында қауіпсіз іс-әрекет ету мәселелерін талқылау ұсынылады.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі 3, 4-сыныптарда аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Оқушылардың білім, білік, дағдылары ауызша сұрақтар, бақылау, тест жұмыстары, тәжірибелік жұмыстар мен диктанттардың нәтижелері бойынша бағаланады.
Оқушыға «5» деген баға, егер ол оқу материалын табиғаттағы құбылыстарға жасалған бақылауларды ескеріп, жүйелі де логикалық түрде байланыстыра отырып баяндаған (бағдарлама көлемінде), тәжірибелік жұмыстарды дұрыс орындап және қойылған сұрақтарға толық жауап берген жағдайда қойылады.
Оқушыға «4» деген баға, егер оның жауабы «5» деген бағаның талаптарына сай болғанда, дегенмен оқушы нақты материалды баяндауда, кейбір практикалық жұмыстарды қолдануда жекелеген дәлсіздіктер жібергенде, қойылады. Осы кемшіліктердің барлығын мұғалім көрсеткеннен кейін оқушының өзі түзетеді.
Оқушыға «3» деген баға, егер ол оқу материалының негізгі мазмұнын меңгеріп, бірақ нақты қателер жіберсе, табиғаттағы құбылыстарды бақылау
|