дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

II

III

IV

Барлығы

 

Бағаның төмендеуіне әсер ететін қате мен кемшіліктердің жіктелуі Қателер:

 

- қате оқу (әріптердің орнын ауыстыру, алмастыру, сөздерді, әріптерді тастап кету, сөздерді, буындарды, әріптерді қосып оқу);

- мәтінді толығымен мағыналық кідіріс жасамай оқу;

- дауыстап оқығанда, сөздің айтылу ырғағы мен анықтығын бұзу;

- белгіленген оқу уақытында оқылған мәтіннің жалпы мағынасын түсінбеу;

 

- мәтін мазмұнына сай сұрақтарға жауап бере алмау, оқылғаннан негізгі ойды бөліп көрсете алмау, оқылған мәтіннен негізгі мазмұнды түсінгенін білдіретін мәтіндегі сөздер және сөйлемдерді таба алмау;

 

- мазмұнын айтуда шығарма оқиғасының бірізділігін бұзу;

- жатқа айтуға дайындалған мәтінді шала білу; бірсарынды оқу; мәнерлеп оқи алмау.

 

Кемшіліктер:

 

- дауыстап оқуда мағыналық кідіріс, ырғақ пен сөздердің айтылу анықтығының шамалы бұзылуы;

 

- оқылған мәтінді белгіленгеннен көбірек уақытта түсінуі;

- шығарманың негізгі ойын тұжырымдаудағы дәлсіздік;

- мәнерлеп оқуды мақсатты қолдана алмауы, кейіпкердің мінезін көрсетуде мәнерлеудің жеткіліксіздігі.

 

3-сыныптағы бағалау нормалары:

 

Оқушыға «5» деген баға егер ол оқыған мәтіннің мазмұнын түсінген; мәтінді мәнерлеп оқуда дауыс ырғағын сақтаған; өздігінен мәтіндерді бөліктерге бөле алатын; бастысын бөліп көрсететін, оқытылған мазмұнды жеткізе алатын, сөйлеу тілін грамматикалық дұрыс қоя білетін, мәнмәтіндегі сөз мағынасын түсінетін, мәтіннен өздігінен кейіпкерлер мен табиғатты бейнелеу үшін автор қолданған әрекеттегі тұлға мен сипаттауды сөз бен сөйлемдерін таба алатын, өлеңді жатқа айтатын және оны мәнерлеп оқыған жағдайда қойылады.

 

Оқушыға «4» деген баға мәтінді саналы түрде мәнерлеп оқыған; оқуда және кішігірім қажет оқиғаларды табуда 1-2 өрескел емес қателер жіберілген; оқығаннан негізгі мәнін дұрыс түсінген, бірақ анық жеткізе алмайтын, өлеңді жатқа білген, оны мәнерлеп оқитын, бірақ шамалы қателер жіберген (қайталаулар, ұзақ кідіріс және тағы басқа) жағдайда қойылады.

 

Оқушыға «3» деген баға оқыған мәтіннің мазмұнын дәйекті түрде жеткізетін, негізгі ойды көрсетіп, мұғалімнің көмегімен жетелеуші сұрақтары арқылы мәтінді бөліктерге бөле алатын; мазмұндау барысында мәтіннің мазмұнын сақтамай қателесіп, оны мұғалімнің көмегімен түзететін; мәтінді


 

 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 67; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.006 с.)