дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

дамыту қауымдастығы, Оff-line қоғамдастығы, «Азаматтық құқық» қоғамдастығы. Әрбір қоғамдастық өз спикерлерін ұсынады.

 

ᴥ Ұсынылған мысалдар азаматтық мінез-құлықтың көрсеткіші болып табылатындығы туралы қысқаша пікірсайыс:

 

1) егер ол азамат болса, ол туған өлкесінің табиғаты құрып бара жатқанына немқұрайлы қарай алмайды, ол экологиялық отрядта жұмыс істейді және ағаштар егеді. Ол өз ауласын тәртіпте ұстауға көмектеседі және ешқашан қағазды жерге тастамайды. Кешке саябақта ол орындыққа аяғымен шығып отырмайды және кетерде оны сындырып кетпейді.

2) азамат елінің өткен тарихын сақтайды, көне ескерткіштерді қалпына келтіруге қатысады;

 

3) азамат адамдар ешқашан тең болмағанын, сондықтан бай адамдарды қызғанудың дұрыс еместігін түсінеді. Ол табандылық, мақсаткерлік, жұмыс қабілеттілігі және кәсібилік көрсету арқылы материалдық әл-ауқатқа және тәуелсіздікке жете алады;

ᴥ Келесі әрекеттерді азаматтық әрекеттер деп айтуға болатындығы туралы қысқаша пікірталас:

 

1) білім алушылар тоғайларды тазалау бойынша сенбілік өткізді және тұрғындарға өз қаласының жасыл желектерін аялап ұстуға үндеу дайындады;

 

2) жастар ғибадатхананы қалпына келтіруге қатысады;

 

3) білім алушылар соғыс ардагерлеріне арналған госпиталдерді қамқорлыққа алады;

 

ᴥ Жобалық пікірталас. Елестетіп көріңізші, сіз мұндай жағдайда не істер

едіңіз:

1) Көршілерде өрт болды...

2) Науқасқа шұғыл қан тапсыру қажет болды...

 

3) Бөтен адам үшін дәрі-дәрмекке барып келу қажеттігі туындады...

 

ᴥ Отанға қызмет жасауда менің болашақ мамандығым. Шағын топтарда кластермен жұмыс істеу және оны қорғау.

 

ІІІ блок. Рефлексия.«Тегтер бұлты»инновациялық тәсілі.Сабақтың нәтижесінде білім алушылар:

- құндылықтарды декларациялау (мысалы, «Патриот болу - бұл азаматтық

 

ұстанымының болуы»);

- құндылықты оған қол сұғушылықтан қорғауды;

- іс-әрекеттерді білдіретін құндылық қарым-қатынасты (мысалы, көмекке келу немесе адамға көмектесуді сұрау);

 

- құндылықтарға деген нақты көзқарасты іс жүзінде іске асыруды ұйымдастыруды (мысалы, ұсыныс: «Іс-шаралар өткізетін жер болуы үшін мектеп айналасын тәртіпке келтіру») меңгереді.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 74; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.10 (0.008 с.)