дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

этикеті және іс-қимыл этикеті) білуі тиіс.
4-сынып оқушылары:
1) болымды, болымсыз, сұраулы сөйлемдерді дұрыс интонациялау (дауыс ырғағын келтіре айту);
2) er, -est, -y жұрнақтары арқылы сын есімдер жасау, күрделі зат есімдер жасау: toy shop, shoe shop, etc;
3) әр сұхбаттасушы тарапынан 4-5 репликадан тұратын этикеттік сипаттағы диалог, сұрастыру диалогін, әрекет етуге түрткі болатын диалог, пікір алмасу диалогін жүргізу;
4) өзі, туыстары, достары туралы (жұмыс түрі, кәсібі, қызығушылықтары мен әуестігі, мектептегі оқуы туралы және т.б.), үй және жабайы жануарлар туралы, жыл мезгілдері туралы ақпараттарды ұсыну;
5) монолог көлемі 5-6 сөйлемді құрайды;
6) аудио-, бейнематериалдардың негізгі мазмұнын түсіну, мәтіннің дыбысталу уақыты – 1 минутке дейін;
7) дұрыс дауыс ырғағымен және дұрыс екпінмен дауыстап мәнерлеп оқу;
8) оқудың негізгі түрлерін ажырата білу (танысу, зерделеу және, іздеу-қарау), мәтін көлемі 50-60 сөзден артық емес;
9) жеке және электрондық хаттарды жазу, хаттың көлемі – 30-40 сөзге дейін; өзі туралы қысқаша ақпаратты баяндау, коммуникативтік міндеттерге сәйкес мәтіннен үзінді көшірмелер жасай білуі тиіс.
3-сыныптан бастап шет тіліндегі сөздер мен сөйлемдерді жазуға арналған сөздіктерді енгізу ұсынылады. Оқушылардың жаттығулар мен грамматикалық тапсырмаларды орындауға арналған жұмыс дәптерлері болуы қажет.
Бақылау жұмыстарының ұсынылатын нормалары
Алған білімдерінің динамикасын анықтау мен мониторингін жасау үшін әрбір тоқсанның аяғында бақылау жұмысын жүргізу ұсынылады.
Бұл бақылау жұмысы тіл дамытудың барлық бағыттарын есепке ала отырып, әрбір тоқсанда меңгерген материалды қамтиды. Лексика және грамматика бойынша 15 тапсырма, тыңдалым – 5 тапсырма, оқылым – 5 тапсырма. «5» деген баға – 21-25 балл, «4» деген баға – 14-20 балл, «3» деген баға – 1-13 балға қойылады.
|