дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

Әдебиеттік оқу

«Әдебиеттік оқу» пәні – бастауыш сынып оқушыларының ауызша және жазбаша тілін дамытуды, яғни сөздік қорын байытуды , байланыстыра және грамматикалық тұрғыдан жүйелі сөйлеуге үйретуді, сөйлеу мәдениетін


 

 


 

қалыптастыруды көздейді. Ұлттық тәрбие, рухани-мәдени құндылықтар, ана тілі және қазақ халқының салт-дәстүрі негізінде сусындаған жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеді.

 

«Әдебиеттік оқу» пәнін оқытудың ерекшелігі – дұрыс, мәнерлеп және шапшаң оқуды меңгерту, оқушыны шығарма авторының көзқарасын түсінуге жетелеу және мәтінді қабылдаушы оқырман ретінде тәрбиелеу, көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту, сөз өнеріне деген қызығушылығы мен эстетикалық талғамын қалыптастыру, сөйлеу әрекетінің барлық түрін жетілдіру, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық пен рухани-адамгершілік тәрбие беру.

 

Пән мазмұны балалар әдебиеті (ауызекі, жазба) үлгілерін, жазушылар өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қысқаша мәліметтерді, ғылыми-танымдық шығармаларды оқытып үйретеді, мақала, естелік, өмірбаян туралы түсінік қалыптастырады, әдеби-теориялық білімдерді меңгертеді, монолог, диалог құруға дағдыландырады.

«Әдебиеттік оқу» пәні 3, 4-сыныптарда аптасына 4 сағаттан оқытылып, оқу жылы бойынша әр сыныпта 136 сағатты құрайды.

 

Қорытынды тексеруді ұйымдастыру үшін және оқыту нәтижелерін бағалау үшін әртүрлі тапсырмалар қолданылады:

 

- кешенді әртүрлі деңгейлі жұмыстар (ағымдағы тексеру үшін);

 

- әдебиеттік диктанттар (әдеби білімін және сауаттылығын тексеру

үшін);

- өтілген шығарма, тақырып, бөлім бойынша тест тапсырмалары;

- дауыстап және іштей оқу дағдыларын жаппай тексеруге арналған сұрақтары мен тапсырмалары бар мәтіндер;

 

- оқу әрекеттерінің қалыптасуын тексеруге арналған диагностикалық тапсырмалар және тест тапсырмалары;

- дауыстап оқу дағдысын жеке тексеруге арналған мәтіндер мен тапсырмалар (әр жартыжылдық соңында);

 

- іштей оқу дағдысын тексеруге арналған мәтіндер мен тапсырмалар (3, 4-сыныптардың соңында);

 

- оқырмандық біліктерінің және білімділігінің деңгейін тексеру бойынша кешенді әртүрлі деңгейлі қорытынды жұмыстар (әр жартыжылдық соңында);

 

- қорытынды тест тапсырмалары (кешенді әртүрлі деңгейлі қорытынды жұмыстардың бір түрі);

 

3-сыныптан бастап балалар кітабымен жұмыс бойынша тапсырмаларға оқыған шығармаларды білуі және ағымдық және қорытынды тексерудегі білімділігі жатады.

 

16-кесте – Тексеру және бақылау жұмыстарының саны

 

Тоқсан

3-сынып

4-сынып

 

Тексеру

Бақылау

Тексеру

Бақылау

I

 


 

 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 69; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.01 с.)