дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

– жаратылыстану ғылымдарының қоршаған ортаға, адам қызметінің экономикаға, технологияға, әлеуметтік және этикалық ортаға әсерін түсіну; оқу, жобалау-зерттеушілік, эксперименттік, сабақтан және сыныптан тыс іс-әрекеттер барысындағы қауіпсіздікті сақтап жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру;
– білім алушылардың оқу, жобалау-зерттеушілік, шығармашылық іс-әрекетке, өздігінен білім алуға ұмтылулары үшін қажетті жағдайлар жасау;
– білім алушылар жаратылыстану ғылымының заңдары мен заңдылықтары туралы білімін адамның күнделікті іс-әрекетінде қолдану және салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларын қалыптастыру
– білім алушылар іс-әрекетінде және шешім қабылдағанда жауапкершілік қарымқатынаста болуға тәрбиелеу, қоршаған ортаға өз ықпалының нәтижелерін болжауға үйрету, табиғатқа қамқорлық көзқарасын қалыптастыру, өмір сүруге Жер бетіндегі ең жоғарғы құндылық ретінде қарау, сонымен қатар адамның өзінің өмірі мен денсаулығына жауапкершілікке тәрбиелеу.
Пәндердің оқу бағдарламаларының құрылымы мен мазмұнын таңдау оқу материалын оқудың бірізділігі принципі негізінде жүзеге асырылған.
Білім алушы тұлғасының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру «Жаратылыстану» білім саласы пәндерін оқытудың маңызды компоненті болып табылады. Оның негізгі компоненттерінің бірі ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы болып саналады. Білім алушылардың:
- жаратылыстану ғылымындағы процестер мен құбылыстарды суреттеу, түсіндіру және болжау біліктілігін;
- дәлелдер мен шешімдерді түсіндіру біліктілігін;
-ғылыми әдістердің көмегімен зерттеу әдістерін түсінуге, шешілетін сұрақтар мен мәселелерді анықтауды дамытуға қажетті жағдайлар жасалуы тиіс.
География, физика, химия және биология сабақтарында ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамытуға қажетті танымдық біліктілігін дамыту үшін ерекше көңіл аударылады.
Білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын бағалау үшін түрлі проблемалары бар жағдаяттар қолданылады . Олар адамдардың күнделікті өмірімен, денсаулықты сақтаумен , техника мен технологияны дамыту үшін қажетті ғылыми -жаратылыстану білімін қолданумен, қоршаған орта проблемаларымен байланысты болуы тиіс.
Білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану сауаттылығын дамыту жұмысын арттыру қажеттілігіне байланысты Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтындағы әдістемелік құралдар ұсынылады (www.nao.kz).
Мұғалімдердің басты мақсаты білім алушылардың пәндік білімді тәжірибеде қолдану біліктілігі мен дағдыларын қалыптастыру, яғни тәжірибеге бағытталған білім беру.
«Жаратылыстану» білім саласы пәндерінің практикалық бөлімі бұл мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді. Білім алушылардың ғылыми-жаратылыстану біліктілігінің қалыптасуына, өз білімдері мен біліктілігін күнделікті өмірде қолдануларына жағдай жасайтын есептер, тапсырмалар
|