дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

4) әдеби тіл нормалары дағдысы бойынша :
1) орфографиялық норма бойынша жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазады;
2) орфоэпиялық норма бойынша сөйлеу тіліндегі интонация, кідіріс, логикалық екпіннің мәнін түсініп қолданады;
3) лексикалық норма бойынша фразеологизм, мақал-мәтелдердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін түсініп қолданады;
4) грамматикалық норма бойынша есімше; көсемше; тұйық етістік; шақ, рай түрлерін; еліктеу сөздер; шылау түрлерін; одағай; оқшау сөздер туралы білімдерін кеңейтеді;
5) пунктуациялық норма бойынша сөйлем соңында және сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерін (даралаушы және ерекшелеуші) дұрыс қолдануды үйренеді.
Күнделікті сабақ жоспарын құруда назар аударатын мәселелер:
1) ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілген оқу мақсаттары арқылы оқушылардың тілдік дағдылары дамытылып, жетілдіріліп отырады және тарау аяқталған соң сол дағдылар бойынша бағаланады;
2) бір тарау барысында оқу мақсаттарының ретін, оларға ұсынылатын сағат санын мұғалім өзі таңдап жоспарлай алады және мектеп журналына белгілі бір тарау бойынша ұсынылған тақырыпшаларды жазған дұрыс;
3) бір сабаққа таңдалатын оқу мақсатының саны 1-3 аралығында болуы қажет, үштен артық мақсат таңдалса оқушыға қиын тиеді және оны жүзеге асыру мүмкін болмайды;
4) қалыптастырушы және жинақтаушы бағалау оқу мақсаттарында көрсетілген дағдылар бойынша жүзеге асады;
5) күрделі деп танылған оқу мақсаттарын мұғалім сабақ мақсатына қарай бейімдейді және бірнеше бөлікке бөліп, бірнеше сабаққа жоспарлай алады;
6) бір сабақта сөйлеу әрекетінің бір немесе екі түрі ғана таңдалады. Егер сөйлеу әрекетінің екі түрін таңдаған кезде рецептивті (тыңдалым, оқылым) продуктивті дағдыға шығып отыруы қажет. Яғни оқушы тыңдаған не оқыған материал негізінде ауызша/жазбаша тапсырмалар орындауы қажет;
7) тыңдалым және оқылым дағдыларын қалыптастыру барысында мәтін кезеңдерін (мәтіналды кезең, мәтінмен жұмыс кезеңі, мәтінсоңы кезеңі) қатаң сақтау қажет;
8) жазылым және айтылым дағдыларын қалыптастыру барысында оқушыларға тақырып бойынша үлгі мәтіндер берілуі керек;
9) айтылым (диалог, монолог, полемика), жазылым (хат, хабарлама, мақала, т.б.);
10) грамматика коммуникативтік контексте оқытылады, яғни грамматика теориясынан гөрі оның функционалдығына, оқушылардың тілдік бірліктерді ауызша және жазбаша түрде орынды қолдана білуіне аса мән беріледі;
11) лексикалық тақырыптар бойынша материал таңдау барысында қазақ тілі пәні мұғалімінің басты міндеті оқушының сол тақырып бойынша тілдік қорын байыту, тақырып бойынша ақпараттар бере отырып, шынайы өмірмен
|