дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

5 тарау оқытылатын болса, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында

 

6 тарау оқытылады. Бұл, «функция» ұғымына қатысты материалдар жеке «Функция. Функцияның графигі» тарауы етіп берілген және бұл тарауға 6-сыныптан «Функция ұғымы», «Функцияның графигі», «Сызықтық функция және оның графигі», «Сызықтық функциялардың графиктерінің өзара орналасуы», «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін графиктік тәсілмен шешу» тақырыптары көшірілген. Бұл тақырыптар 6-сынып оқушыларының игеруіне қиындық туғызады деп есептеп, практик-мұғалімдердің ұсыныстары бойынша ауыстырылған.

 

Практикаға бағытталған, зерттеушілік және шығармашылық тапсырмаларды шешу қажеттілігіне баса назар аудару керек.

 

3. 7-сынып, «Геометрия» оқу пәні

7-сыныпта оқушылар «Геометрия» оқу пәнін оқуға енді ғана кіріседі, сондықтан қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында өзгерістер жоқ.

 

Бұл арада пәнінің практикалық бағыттылығы күшейтіледі.

4. 5-сынып, «Информатика» оқу пәні.

Ширшықтық ұстанымын сақтау үшін 5-сыныпта «Ақпараттық процестер» бөліміндегі «Модельдеу» бөлімшесі «Компьютерлік ойлау» бөліміне ауыстырылды.

 

5. 7-сынып, «Информатика» оқу пәні.

Қолданыстағы оқу бағдарламасымен салыстырғанда жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасында өзгерістер жоқ.

 

5,7-сыныптарда «Информатика» пәнін оқыту кезінде үштілділік саясатына ерекше көңіл бөлінуі керек. Пән үшін айрықша болып танылатын оқушылардың академиялық тілін дамыту ұсынылады. Бұл процесс әрбір сабақ үшін оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту жолдарын анықтауды қамтиды. Мысалы: «Оқушылар әлеуметтік желіні пайдалану мен атрибуттарын ауызша талқылай алады».

 

Программалау тілі ағылшын тілі болып табылатынын, көптеген компьютерлерлік интерфейстер де ағылшын тілінде берілгенін айта кету керек. «Информатика» пәні жоғары сыныптарда білім алушылардың калауы бойынша ағылшын тілінде оқып игеруіне болатынын пән мұғалімдері әрдайым естерінде сақтаулары керек. Мұғалімдер оқушылардың назарын, информатика бойынша (http://tinyurl.com/NIS-CS-Lexicon) лексиконда сипатталғандай академиялық тілді пайдалануға аударту, сондай-ақ ұқсастықтар мен метафораларды пайдалана отырып күрделі жүйелерді түсіндіру мүмкіндігі сияқты информатика саласындағы жұмыстарға қажетті тілдік дағдыларға аудартулары керек. Одан бөтен, мұғалімдер оқушылардың бойында бай академиялық тіл қалыптастыру мақсатында, диалог/жазу үшін пайдалы сөздерді пайдалануды қамтитын мұқият және жүйелі түрде тілдік қолдау көрсетулері керек.


 

 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 75; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.006 с.)