дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

• физикалық процестерге диаграммалар, сызбалар, жалпылама және талдау кестелерін жасай білу дағдыларын, баяндау, сипаттау, салыстыру, графикті талдау, қорытынды жасау және жалпылама қорыту (жазбаша және ауызша) дағдыларын қалыптастыру
• есептердің шешімін сауатты ресімдеуге назар аудару;
• жүргізілген тәжірибелік және зертханалық жұмыстар бойынша кеңейтілген жазбаша есептерді немесе ауызша баяндамаларды дайындай білуді дамыту;
• оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, олардың пікірлерінің қисындылығы және дәлелдермен түйінделу дәрежесін арттыру.
Оқу бағдарламасының келесі бөлімдері бойынша тақырыпты оқу күрделілігі және тереңдігі деңгейіне назар аудару қажет:
- «7.2.2.8 - күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету» - оқушыларға қиын емес есептер ұсыну және әртүрлі денелердің қозғалысының нақты мысалында жақсы меңгерілетін «вектор» бастапқы ұғымын енгізу ұсынылады.
- 7.3 «Қатты денелердің, сұйықтықтар мен газдардың қысымы» бөлімінде «Торричелли тәжірибесі» және «Атмосфералық қысым» тақырыптары қаралады.
«Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 7 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
«Химия» пәнібілім алушылардың дүниетанымдық көзқарасындамытуда, әлемнің тұтас ғылыми бейнесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Бұл пән оқушыларға заттардың әртүрлілігі мен олардың өзгерістерінің маңыздылығын түсінуге көмектеседі. Жаңа заттарды алу мүмкіндіктерін аша отырып, оқушыларды қоршаған ортаның экологиялық жағдайын берілген мәліметтер негізінде нақты бағалауға үйретеді.
7-сыныпқа арналған «Химия» пәнінің жаңартылған мазмұндағы оқу мақсаттары оқушыларға заттар мен олардың айналымы, заттар қасиеттері, олардың құрамы мен құрылысына тәуелділігін түсіндіретін заңдар мен теориялар туралы білім жүйесін ұсыну, оқушыларға химиялық процестердіңң мағынасын, негізгі заңдар мен заңдылықтарды түсініп, оларды шынайы өмірде қауіпсіз қолдана алуға, ақпаратты сыни бағалауға және шешім қабылдауға мүмкiндiк беді.
Химияны меңгергеннен кейін білім алушылар:
1) атомдар мен заттар молекулаларының құрылысын, химиялық үдеріс барысында олардың қасиеттерінің өзгерісін;
2) химиялық реакциялар кезінде заттың жалпы массасы мен энергиясының сақталуын;
3) химиялық реакцияның жылдамдығының химиялық процесс шартының ауысуына байланысты өзгеруін;
4) техникалық қауіпсіздік ережесін сақтап, қоршаған ортаға қауіпсіз химиялық айналымдарды жүргізуге болатындығын;
5) ғылыми әдістер мен эксперименттерді жоспарлауға;
|