дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Ортақ оқу мақсаттарын бағалау оқытудың негізгі мақсатын бағалау аясында жүзеге асырылады. Мысалы, «7.3.3.6 - мұхит суының қозғалыстарын жіктеп, түсіндіреді» мақсатын, «7.2.1.1 - тақырып бойынша картосхемаларды жасай алады» мақсатымен толықтырған жағдайда, білім жетістігін бағалау негізінен 7.3.3.6 мақсатын бағалау арқылы жүзеге асырылады, ал ағыстар географиясын көрсететін картосхеманың болуы, бағалау критерийлерінің бірі рөлін атқарады. Сонымен қатар іс-әрекеттің бір түрінің көмегімен екінші өтпелі мақсатты да қамтуға болады, мысалы, 7.2.1.2 - географиялық номенклатура нысандарын картадан көрсетеді. Білім алушының өзі құрастырған картосхемасынан ағыстарды көрсетуі негізгі оқу мақсатын бағалаудың бір критерийі болып саналады.
Оқудың әр мақсаты бойынша тапсырмалар әзірлеу міндетті емес. Мұғалімдер оқудың бірнеше мақсатын қамтитын бір тапсырма әзірлеулеріне болады.
Жүйелі-әрекеттік тәсілді жүзеге асыру жағдайында әр тапсырма тәжірибеге бағытталған болып табылады. Бірінші және екінші бөлімдердің ортақ оқу мақсаттары бұл тәсілді күшейтуге мүмкіндік береді (бұл өтпелі мақсаттардың топтамасы әр тақырыпты оқытудың ұзақ мерзімді жоспарында анықталған). Демек, бағдарламада міндетті практикалық жұмыстар тізімі қарастырылмаған.
Білім алушылар мұғалімнің басқаруымен географиялық ақпарат көздерімен, географиялық зерттеу әдістерін қолданумен (далалық әдіс, бақылау әдісі), схемалар, графиктер, диаграммалар, профильдер құрастыру, географиялық карталармен жұмыс істеу арқылы орындайтын зерттеушілік жұмысқа көп көңіл аударылады.
Пән мұғалімдеріне әр білім алушыға қажетті білімді алуға жағдай жасайтын, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану ұсынылады. «Геограия» пәнін оқу барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану:
- білім алушының оқу-танымдық қызығушылығын арттыру;
- оқу процесін тиімді ұйымдастыру;
- білім алушының оқу-танымдық әрекеттерін белсендендіру мүмкіндіктерін береді.
«География» оқу пәні бойынша бағдарламада қарастырылған далалық зерттеу, бақылау және эксперименттік жұмыстарды мұғалімдер сыныптан тыс орындарда өткізе алады.
«География» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің 7-сыныптағы көлемі – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
«Биология»пәні жаратылыстану ғылымдарының құрамдас бөлігі ретіндеоқушыларға қоршаған ортаның көп түрлілігі мен эволюциясы туралы білім береді, тірі ағзалардың даму заңы мен заңдылықтарын қарастырады, сонымен қатар әлемнің таңғажайып құбылыстарын оқып-тануға және зерттеуге мүмкіндік береді.
7-сыныпқа арналған «Биология» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқушыларға алған білімдерін нысандар мен ақпаратты бақылау,
|