дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

алушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін есепке алу арқылы әзірленген.
Оқу пәнінің мазмұны 7 бөлімнен тұрады:
- «Ғылым әлемі»;
- «Ғалам. Жер. Адам»;
- «Заттар және материалдар»;
- «Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер»;
- «Энергия және қозғалыс»;
- «Экология және тұрақты даму»;
- «Әлемді өзгертетін жаңалықтар».
Білім алушыларға қоршаған әлемнің көптүрлілігін, табиғи құбылыстар мен процестердің өзара байланысын, тірі және өлі табиғатта болатын табиғи құбылыстар мен процестердің себептерін, табиғаттағы нысандар мен процестердің көптүрлілігін жүйелеу принциптерін, адамның көптеген іс-әрекеті үшін ғылыми-жаратылыстану білімінің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік береді.
Аталған пәннің бірнеше негізгі мақсаты бар. Олардың бірі бақылау, ғылыми зерттеуді жоспарлау, деректерді алу және ұсыну, нәтижелерді түсіндіру тәрізді зерттеушілік, ойлау және коммуникативтік дағдыларды қалыптастыру және дамыту болып табылады. Мысалы, түрлі тақырыптарды зерделеу арқылы, білім алушы зерттеу жоспарын құрастыруды, жіктеуді, бақылауды , эксперименттер жүргізуді, нәтижелерді сипаттауды және бағалауды, қорытынды және тұжырымдама жасауды үйренеді. Пән үйде, мектепте, табиғатта бақыланған нысандар мен құбылыстарды түсіндіру үшін, алынған білім мен дағдыларды күнделікті өмірде қолдану біліктерін дамытады.
«Жаратылыстану» оқу пәнінің басты мақсаты – білуге құмарлықты, баланың ой-өрісін, қоршаған әлемді ғылым тұрғысынан түсінуді, табиғи және адамның қолымен жасалған мұраларды бағалау және қорғау білігін дамыту. Аталған пәнді оқу қоршаған әлемнің түрлі нысандары мен құбылыстары туралы білім қорының жинақталуына, түрлі практикалық және зерттеушілік іс-әрекеттер арқылы алынған білімнің күнделікті өмірмен байланысы түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді.
«Жаратылыстану» оқу пәні веб-сайттан ақпаратты іздеу, іріктеп алу, оқу және қойылған мәселені шешуде қолдану үшін; деректерді графикалық түрде ұсыну және оларды сипаттау барысында мәтінмен, кестелермен, слайдтармен жұмыс істеуде базалық офистік бағдарламаларды қолдану үшін интернетте жұмыс істеуді; ақпаратты өңдеу, оны қағаз және электрондық тасымалдағыштарда сақтау үшін ұйымдастыру техникаларын қолдануды қарастырады.
«Жаратылыстану» оқу пәні бойынша 5-сыныптағы оқу жүктемесінің көлемі – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.
«География» –жаратылыстану,қоғамдық,әлеуметтік нысандар менқұбылыстарды зерделейтін оқу пәні. География табиғи және антропогендік нысандар арасындағы өзара байланысты және өзара тәуелділікті зерделейді.
|