дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

математика сабағында – 15 минуттан артық емес, 3 - сыныпта – 20 минуттан артық емес.

 

Жоғарыда айтылғандарға байланысты шағын жинақты мектепте оқу іс-әрекетін ұйымдастыру уақытты дұрыс бөлу және пайдалануды, сабақтарды білім алушылардың жеке ерекшеліктерін, олардың дербес жұмыс істеу дағдылары ескере отырып, өзіндік жұмыстармен тиімді алмастыру арқылы жоспарлауды және тікелей педагогтің қатысуымен жүргізілетін жұмыстарды қамтиды. Мұғалім үшін білім алушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты жеке іріктеліп алынған, балалар үшін қызықты және әртүрлі қажетті дидактикалық материалдардың көлемін анықтауға, дайындауға, қорытынды жүргізуге байланысты өзіндік жұмысты жоспарлау кезінде қиындық туындауы мүмкін.

 

Түрлі жастағы білім алушыларға білім беруді ұйымдастыру кезінде күнтізбелік жоспарды жасаудың да өзіндік ерекшелігі бар: бір пәндік сабақтарда сабақтарды бір тақырыпта өткізу мақсаты айқындалып, екі немесе одан да көп күнтізбелік жоспар салыстырылады. Сабақ кестесіне сәйкес білім алушылар, мысалы 2-ші және 4-сынып білім алушылары сабақты бір уақытта бастамайды. Әдетте мұғалім бір сынып білім алушыларымен жұмыс істейтін алғашқы бір-екі сабақ жаңа оқу материалын түсіндіруге бөлінеді. Екінші немесе үшінші сабаққа жиынтыққа кіретін басқа сыныптың білім алушылары келеді және мұғалім екі-үш сабақ екі сыныппен бір уақытта жұмыс істейді. Бір тақырыптық сабақтарды жоспарлау кезінде күнтізбелік-тақырыптық жоспар екі сыныптың бірлескен жұмысын қамтуы мүмкін. Сонымен бірге бір тақырыптық сабақтарды өткізу үшін бөлімдердің тұтастығына нұқсан келтірмей, кейбір тақырыптарды өту мерзімі бойынша жылжытуға болады.

 

Ол үшін барлық сыныпқа ортақ оқу мақсаттарын біріктіріп және әртүрлі жастағы топтар үшін оқыту міндеттерін нақтылау қажет; топтың барлық жас ерекшелігіндегі білім алушыларының бір мезгілде оқып, қабылдауына болатын білім мазмұны тақырыптан іріктеліп алынады; әр жастағы білім алушыларға оқу әрекетінің әдістері таңдалады; оқу мазмұнында әр жастағы білім алушылардың топтарына тән сұрақтар бөліп алынады; оқу материалының мазмұнының ерекшелігін ескеру арқылы топтық және жеке сабақ формаларының түрі таңдалады.

 

Мысалы, биологияны оқыту кезінде зертханалық жұмыстарды тақырыптары бойынша біріктіру ұсынылады (мысалы, 6-сыныптағы 35 зертханалық жұмыстың кейбіреулерін «Өсімдік жасушасының құрылысы» бөлімі бойынша; «Тамыр », «Өркен», «Гүл, жеміс», «Гүлді немесе жабықтұқымды өсімдіктер», «Даражарнақтылар класы » тараулары бойынша, «Саңырауқұлақтар дүниесі» бөлімі бойынша біріктіруге болады).

 

Пәнішілік байланысты жүзеге асыруға болмайтын жағдайда пәнаралақ кіріктіре оқыту мүмкіндігін қолдануға болады. Салалас пәндерді кіріктіре оқытуды ұйымдастырғанда пәндерді келесідей кіріктіре оқытуды: тіл - әдебиет, тарих-әдебиет, химия-биология, тарих-география, география-биология, математика-информатика және т.б. ұсынылады.


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 70; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.008 с.)