Гуманитарлық пәндер циклы бойынша
Гуманитарлық пәндер циклы бойынша
Қазақ тілінің онлайн-курсы – кең көлемдегі интерактивті сабақтар топтамасын қамтиды, қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту бағдарламасының негізінде әзірленген.
Ағылшын тілінің онлайн-курсы – кең көлемдегі интерактивті сабақтар топтамасын қамтиды, ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытудың халықаралық бағдарламасының негізінде әзірленген.
Француз тілінің онлайн-курсы – тілді меңгерудің бастапқы сатысындағы және аралық кезеңіндегі жасөспірімдерге арналған курс..
Неміс тілінің онлайн-курсы – тілді меңгерудің бастапқы сатысындағы және аралық кезеңіндегі жасөспірімдерге арналған курс.
Қазақ әдебиетінің аудиохрестоматиясы – ҚР БҒМ бекітілген мектеп бағдарламасына сәйкес келетін, шығармалардың барлық аудиожазбалары.
Бейнетоптама - 5 минутқа созылатын бейнероликтер топтамасынан тұрады, тақырыпты түсіндіруде визуалды материал болып табылады, оқыту процесінен бөлек тәрбие жұмыстарына да пайдаланылады.
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Қосымша ресурстар
iTest –тест жұмыстарына дайындалуға арналған виртуалдыжаттықтырушы.
iMektep –қазақ бастауыш мектебіне арналған толық бағдарлама курсы.Оқу процесінде әртүрлі білім құралдарын және педагогикалық
технологияларды пайдалану келесі міндеттерді шешуге бағытталады:
- МЖМБС талаптарына сәйкес оқу пәндерінің мазмұнын игеру, білім алушылардың білім сапасын арттыру;
- белгілі практикалық іс-әрекеттер түрлеріне білім алушылардың қабілеттерін дамыту;
- оқу процесінде интерактивтік, электрондық, ақпараттық қорларды тиімді пайдалану;
- оқыту деңгейі мен қарқынын, мазмұнның түрін кең таңдау;
- белгіленген білім саласын тереңдетіп оқуға білім алушылардың білім қажеттілігін қанағаттандыру;
- білім алушылардың коммуникативтік дағдыларын ашу және дамыту;
- қашықтықтан оқыту.
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың
2016- 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 2019 жылға дейін еліміздің жалпы білім беру мектептерін толығымен жаңартылған білім беру мазмұнына көшіру жоспарланған.
Жаңартылған білім мазмұны жүйесін енгізу шағын жинақты мектептердегі білім алушыларды оқытудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді, себебі оқыту процесінде жаңа тәсілдерді қолдану, мұғалімнің жаңашыл көзқарасын қалыптастырады және оның оқыту процесіндегі бағыттаушы рөлі барлық оқу процесін технологияландыруға ықпал етеді. Білім беру құрылымын жаңарту, дәстүрлі репродуктивті стильден шығу және мектеп білім алушыларының танымдық белсенділігін және тәуелсіз ойлауын қамтамасыз ететін дамытушы жаңа конструктивистік білім беруге көшу болып табылады. Білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы оқыту белсенді болуын, коллаборативті орта қалыптастыру жағдайында жүргізуді , саралап оқытуды, оны іске асыруда пәнаралық байланысты қамту арқылы жүзеге асыруды ұсынады. АКТ қолдану міндетті болып табылады, диалог арқылы оқыту, білім алушылардың зерттеу және жобалау жұмыстарын жүргізу әдістемесі қолданылады. Жаңартылған білім мазмұнына көшу оқу процесін дараландыру жағдайында жұмыс істеуге дайын болуды талап етеді.
2016 -2017 оқу жылында 1-сыныптар толығымен жаңартылған білім мазмұны бағдарламасымен оқытуға көшірілді. Шағын жинақты мектепте оқу процесін ұйымдастырудың типтік ережесіне сәйкес 1-сынып біріктіріліп оқытылмайды.
2017-2018 оқу жылында республикадағы жалпы білім беретін мектептердің , соның ішінде шағын жинақты мектептердің 2,5,7-сыныптарын жаңартылған білім мазмұны бағдарламаларымен оқытуға көшіру жоспалануда.
Осыған байланысты, алдағы оқу жылында жаңартылған және қолданыстағы бағдарламалар бойынша шағын жинақты мектептердің
|