дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

0-4 сыныптарда, ал 5-9, 10 сыныптарда мектеп басшылығы қарауымен ұйымдастырылады.

 

Ерекше білім беруге қажеттіліктері бар оқушыларды еңбекке оқыту жұмыс кадрларына қажеттілігіне бағдарланған және психофизикалық дамуының жеке ерекшеліктерін, денсаулығын, мүмкіндіктерін , сондай-ақ еңбек профилін таңдау негізінде тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының мүдделерін ескере отырып өңірлік, жергілікті жағдайларға негізделе ұйымдастырылады. Типтік оқу бағдарламалар даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған еңбекке оқытудың профилі бойынша немесе білім алушылардың білім алудағы ерекше оқытуды қажет етуін және еңбектің әрқилы профилін ескере отырып құрылған бағдарламалары бойынша қолданылады.

 

Кәсіби еңбекке үйрететін сабақтар 5-сыныптан басталады, ақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін 4-сыныптан басталады, ол екі топқа бөлінеді. Еңбек түрлеріне қарай топты жиынтықтау олардың психофизикалық жағдайы және мүмкіндігіне байланысты дәрігердің нұсқауымен іске асырылады. Қатар және шектес сыныптардағы оқушыларды топ бөлігіне біріктіру мүмкіндігі бар. Сабақты өткізу барысында әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау бойынша сынып екі топқа бөлінеді.

 

Есту қабілеті , көру қабілеті, тірек -қимыл аппараты бұзылған, сөйлеу тілі күрделі бұзылған, психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы мектептердің бітірушілері алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжатқа ие болады. Ақыл-ой кемістігі бар (1 және 2 бөлім) бітірушілер аталған түрдегі арнайы білім беру ұйымының белгіленген үлгідегі куәлігін алады.

 

1. Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері

Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:

− бастауыш білім – 0, 1-4 сыныптар;

− негізгі орта білім - 5-10 сыныптар.

Мектепке дейінгі дайындықтан толық өтпеген балалар дайындық (0) сыныбына түседі. Арнайы мектепке дейінгі дайындықтың толық курсынан өткен балалар 1 сыныпқа барады.

 

Дайындық (0) және 1-7 сыныптарда оқыту арнайы бағдарламалар мен оқулықтар бойынша жүргізіледі. 8-10 сыныптарда білім алушылар жалпы білім беретін мектептің бағдарламалары мен оқулықтары бойынша білім алады, ондағы материал оқушылардың білім алудағы ерекше қажеттіліктерін ескере отырып бейімделеді және қайта бөледі . 5 сыныптан бастап қазақ әдебиетін зерделеу орыс тілінде жүргізіледі (орыс тілді мектептер үшін). «Алгебра және «Геометрия» пәндерін оқыту 8 сыныптан бастап іске асырылады, өйткені естімейтін балаларға арналған арнайы оқу бағдарламасына сәйкес математика пәнін зерделеу 7 сыныпта аяқталады.

 

Оқу жоспарында міндетті түрдегі түзету пәндері ұсынылған:

1) «Заттық – тәжірибелік оқыту» (0-4 классы). Міндеті – жоғары психикалық қызметтерді қалыптастыру, тілді игеру, жалпы білім беру пәндері


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 73; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.007 с.)