дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

музыкалық білім негіздерін қалыптастыруға, қарапайым орындаушылық білімін, біліктері мен дағдыларын және музыкалық қызмет түрлерін меңгертуге, музыкалық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған.
3-сыныпта «Музыка» пәні аптасына 1 сағаттан оқытылып, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
«Музыка» пәнінің мазмұны қазақтың музыкалық фольклорының, дәстүрлі, классикалық және заманауи музыканың озық үлгілерін; музыкалық сауат негіздерін; орындау және тәжірибеде музыкамен айналысу үшін музыкалық материалды (композиторлар, халықтық және классикалық музыкалық аспаптар, музыкалық жанрлар мен стильдер туралы мағлұматтар); музыка шығару мен суырып-салмалылыққа арналған музыкалық-шығармашылық тапсырмаларды, сонымен қатар АКТ қолдануды; өнердің басқа түрлерімен және өзге пәндермен пәнаралық байланыс орнатуды қамтиды.
3-сыныптағы «Музыка» оқу пәнінің базалық мазмұны төмендегі бөлімдер арқылы жүзеге асырылады:
1) «Музыка тыңдау, талдау және орындау» (Музыкалық сауаттылық;
Музыканы тыңдау және талқылау; Музыкалық жанрлар; Музыкалық формалар; Аспаптарда ойнау және ән айту);
2) «Музыкалық-шығармашылық жұмыстар құру»;
3) «Музыкалық-шығармашылық жұмысты көрсету және бағалау».
«Көркем еңбек» оқу пәні – кіріктірілген пән – «Бейнелеу өнері» және «Еңбекке баулу» пәндерінің негізінде әзірленген, бұл пән арқылы «Технология және өнер» білім саласының мазмұны эстетикалық мәнмәтінде өнерді әлемнің біртұтас бейнесіндей эстетикалық түсіну және қабылдаудың жалпы заңдылықтары негізінде іске асырылады.
3-сыныпта «Көркем еңбек» пәні аптасына 1 сағаттан оқытылып, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Оқу пәні түрлі шығармашылық қызметтегі кеңістіктік-бейнелік, шығармашылық ойлауын, рухани-адамгершілік мәдениетін, елесін , қиялын және аңғарымпаздығын, жеке тұлғаның қалыптасуын және өз ойын білдіруін дамытуды қамтамасыз ететін көркем-технологиялық білім, білік және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Оқу мақсаттары білім алушыларда белгілі бір дағды қалыптастыру үшін әрекет түрін, орындау техникасын, шығармашылық жұмысты жасаудың материалын мұғалімнің өзі таңдайтындай етіп тұжырымдалған.
«Көркем еңбек» пәні бойынша оқыту процесінде білім алушылардың АКТ құралдарын қолдану дағдыларын дамыту қажет. Ең алдымен, бұл көркем жұмыстарды жасау кезінде сандық компьютерлік технологияларды пайдалану, слайдтық презентацияларды жасау дағдыларын дамыту, шығармашылық жұмысты жасау үшін басқа білім алушылармен ынтымақтастық, қарым-қатынас жасау мен ақпарат алмасу және т.б.
3-сыныпта «Сәулет өнері» ортақ тақырыбының аясында 3.2.3.2 - «Әртүрлі тәсілдермен және материалдармен (ермексаз, қолданыстан шыққан, қағаз материалдары) көлемді пішіндер жасау» оқу мақсатына жету үшін білім
|