дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Бастапқы кезеңде статистикалық көрсеткіштерді жинау және талдау, білім алушыларды диагностикалық тестілеу жүргізіледі (қыркүйектің 2-3-ші аптасы). Мектеп директорларының орынбасарлары ТК 1.1А және 1.1Б толтырады, оны Академияға береді. Академия 30 пилоттық және 16 бақылау мектептерінің статистикалық көрсеткіштерін өңдейді, сондай-ақ «Назарбаев Зияткерлік мектептері » Дербес білім беру ұйымымен бірге пилоттық және бақылау мектептері 3-сыныптарының білім алушыларына диагностикалық тестілеу (кіруде) ұйымдастырады.
Бастауыш сыныптардың мұғалімдері ТК 2.1 және 3.1 толтырады. Мектеп директорларының орынбасарлары ТК 4.1 толтырады.
Екінші кезеңде алынған бастапқы деректерге талдау жасалады (қараша, қаңтар).
Бастапқы деректер талдауын Ұлттық білім академиясының қызметкерлері «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымымен бірге жүзеге асырады және пәндер бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларын, бағалау жөніндегі нұсқаулықтар мен әдістемелік ұсыныстарды, ОӘК қолдану барысында мұғалімдерде туындаған проблемалар тізбесін жасайды.
Үшінші кезеңде мектептерге ресми түрде бару басталады (ақпан). Мектептерге ресми түрде бару бастапқы деректерді талдау кезінде анықталған проблемаларды зерделеу, апробация кезінде мектептерге әдістемелік қолдау көрсету мақсатында жүргізіледі және бақылау қызметін атқармайды.
Мектептерге бару кезінде мұғалімдердің, білім алушылардың, ата-аналар мен мектеп әкімшілігінің оқу бағдарламалары мен жоспарларының , ОӘК, бағалау жөніндегі нұсқаулықтар мен әдістемелік ұсыныстардың сапасы туралы пікірлері зерделенеді, апробация процесі кезінде мұғалімдерді әкімшілік тарапынан қолдау деңгейі анықталады.
3-тоқсанның соңында бастауыш сынып мұғалімдері ТК 2.1, 2.2, 3.1, мектеп директорларының орынбасарлары ТК 5.1 толтырады.
Төртінші кезеңде статистикалық көрсеткіштерді түзету және талдау, шығуда диагностикалық тестілеу (сәуір) жүргізіледі . Тестілеу нәтижелері бойынша пилоттық және бақылау мектептері білім алушыларының даму деңгейін кірудегі және шығудағы деректері негізінде салыстырмалы талдау жасалады. 4-тоқсанның соңында 3-сынып мұғалімдері ТК 2.1 және 3.1 толтырады.
Бесінші кезең бағалау жөніндегі оқу бағдарламалары, әдістемелік ұсыныстарға, ОӘК өзгерістер енгізу бойынша қорытындылар мен ұсыныстардан тұрады (мамыр).
Ұлттық білім академиясы келісілген форма бойынша оқу бағдарламалары мен жоспарларына, бағалау жөніндегі оқу бағдарламалары, әдістемелік ұсыныстарға , ОӘК енгізетін өзгерістерді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымымен үйлестіреді.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы Ұлттық білім академиясымен бірге қорытынды есептерді жасайды және құжаттарға өзгеріс енгізу жөніндегі ұсыныстарды дайындайды.
Алтыншы кезеңде өзгерістерді бекіту жүргізіледі (маусым).
|