дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

бағдарламаны бейімдеу және оқушыларды оқыту әдістері қарастырылып іске асырылады.

 

Оқытудың бірінші сатысында арнайы бағдарламалар мен арнайы әдістемелік және дидактикалық материалдарды пайдалану қарастырылады. Негізгі сатыда оқушылар негізгі орта мектепте оқу мерзімінің артуына (1 жыл) байланысты мазмұны қайта бөлінетін жалпы білім беру мектебінің бағдарламалары бойынша білім алады, әрбір пән оқытушылары оқушылардың мүмкіндіктеріне бейімделеді.

 

Оқытудың түзету-дамытушы бағыты түзету пәндерінің жалпы білім беру циклі пәндерінің аясында, сонымен қатар, қосымша білім беру жүйесінде жүзеге асырылады. Басқа пәндермен тепе-тең келетін пәндерге эмоционалдық-тұлғалық сферасын түзетуді іске асыруға мүмкіндік беретін және оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендендіретін эстетикалық циклдегі пәндерді (музыка, сурет өнері, дене тәрбиесі) жатқызуға болады.

 

Бірінші және екінші сатыдағы оқу жоспарының түзету компоненті «Айналамен таныстыру және тіл дамыту», «Түзету ырғағы», «Тіл дамуының кемшіліктерін түзеу» (логопедтік сабақ), «Білімдегі олқылықтарды толықтыру бойынша міндетті жеке және топтық түзету сабақтары», «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» (ӘТБ). Арнайы кіріктірілген түзету курсы «Айналамен таныстыру және тіл дамыту» (0-1-сыныптар) баланың қоршаған орта туралы шынайы білімдері мен түсініктерін байытуға бағытталған. «Түзету ырғағы» түзету курсы (0-4-сыныптар) психикалық дамуы тежелген балалардың жалпы моторикасы мен қимылының үйлесімділігіндегі даму ауытқушылықтарын алдын-алуға бағытталған. «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» өмірлік құзырет дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» пәні бойынша сабақтар үшін сынып 2 топқа бөлінеді. Сабақтар арнайы жабдықталған ғимаратта жүргізіледі.

 

Сабақтар топ бөлігімен арнайы жабдықталған ғимаратта өтеді. Сабақта оқу бағдарламасын игеруде қиындықты сезінетін оқушылар үшін білім олқылықтарының орнын толтыруға арналған жеке және топтық түзету сабақтары ұйымдастырылады. Сабақтар жеке немесе оқудағы қиындықтарының ұқсастықтары негізінде топ бөлігімен (2-4 оқушыға) жүргізіледі. Бастауыш сынып оқушыларымен жеке және топтық түзету сабақтарын сыныптың негізгі мұғалімі немесе дефектолог мұғалім өткізеді. Сабақтың ұзақтығы 20-25 минут. Түзету сабақтары күнделікті сабақтардың мазмұны мен формасын қайталамауы тиіс. Олар пәндік-тәжірибелік және балалардың ойын әрекетін қоса отырып, әртүрлі формалар мен оқушылардың әрекет түрлерін пайдалану арқылы жүргізіледі.

 

6-10-сыныптарда білім алудағы олқылықтарды толықтыру бойынша жеке және топтық сабақтарға бөлінген сағаттарды пән мұғалімдері өз арасында үлестіреді. Қандай топта болсын білім алушының сабақта отыру уақыты арнайы қиындықтарды түзету дәрежесімен және сыныппен бірге тапсырмаларды орындау дайындығымен анықталады. Топ құрамы қозғалмалы болуы тиіс: балалардың бірін сыныппен бірге жұмыс жасауға қосып, бірін қарқынды жеке көмек үшін топ құрамына қосу керек. Сол бір оқушы жыл


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 98; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.006 с.)