Жиынтық бағалау рәсімдері
Жиынтық бағалау рәсімдері
№
Пәндер
І тоқсанда
ІІ тоқсанда
ІІІ тоқсанда
ІV тоқсанда
ғы ЖБ
ғы ЖБ
ғы ЖБ саны
ғы ЖБ саны
саны
саны
Қазақ тілі
2*
2*
2*
2*
Әдебиеттік оқу
2*
2*
2*
2*
Русский язык (Я2)
2*
2*
2*
2*
Ағылшын тілі
2*
2*
2*
2*
Математика
Ақпараттық-

6 коммуникациялық
технологиялар
Жаратылыстану
Дүниетану
* –Тексерілетін сөйлеу әрекетінің әрбір түрі үшін балдарды қою

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

13 ПИЛОТТЫҚ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ЖАН БАСЫНА НОРМАТИВТІК ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫ ІСКЕ АСЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі – Бағдарлама) апробацияның оң қорытындысы бойынша барлық қалалық мектептерде жан басына нормативтік қаржыландыруды енгізу процесін 2019 жылы аяқтау көзделген.
Жан басына қаржыландырудың мақсаттары:
- МЖМБС талаптарына сәйкес балалардың орта білім алуына арналған базалық шығыстарды анықтаудың бірыңғай тәсілін қалыптастыру;
- шығыстардың мөлшеріне әсер ететін объективті факторларды есепке алу (орналасу орнына, білім беру бағдарламалары түріне және білім беру деңгейіне байланысты);
- ұйымдарды емес, балаларды қолдаудың атаулы жүйесіне көшу және мемлекеттік шығыстарды мектепке емес, 1 оқушы басына жоспарлау;
- мектептерге қаржылық дербестік беру және менеджмент деңгейін, шешім қабылдаудағы ашықтықты арттыру;
- бюджет қаражатын ашық, әділ және мақсатты жұмсау болып табылады.
Бөлінетін бюджет қаражатының көлемі мектептердегі білім алушылардың санына байланысты.
Қазіргі уақытта білім беру процесі мен білім беру ортасына арналған шығыстар: білім беру процесіне қатысатын басқарушылық және негізгі персоналдың жалақысын, білім беру процесіне қатыспайтын басқарушылық, негізгі, әкімшілік, қосалқы және жұмысшы персоналының жалақысын; білім беру процесін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға арналған шығыстарды; пошта және телефон байланыс қызметін төлеу шығыстарын; ғимараттарды, құрылыстарды, технологиялық жабдықтарды, компьютерлік және кеңсе техникасын, интерактивті жүйелерді ағымдағы жөндеуге, ұстауға және қызмет көрсетуге арналған шығыстарды; білім беру процесінде қолданылмайтын білім беру ұйымының қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті тауарларды сатып алу шығындарын қамтиды.
Жан басына қаржыландыру еңбекақы төлеудің жаңа үлгісі емес, ол білім беру процесі мен білім беру ортасын іске асыруды қамтамасыз ету үшін мектептерге бюджет қаражатын бөлудің механизмі болып табылады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақы төлеу саласындағы барлық кепілдіктер сақталады. Мектеп қызметкерлеріне еңбекақыны есептеу және төлеу «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес жүргізіледі.
|