дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

11-12-сыныптарда оқыту жалпы-гуманитарлық және жаратылыстану– математикалық екі бағытта жүзеге асырылады.
Бір немесе екі бағытты да таңдау оқушылардың қажеттілігін және ата-аналардың сұранысын ескере отырып іске асырылады.
Білім беру процесінің түзету бағыты сабақтарда жалпы білім беру пәндері бойынша, қалдық көруін және көріп қабылдауын сақтау мен дамыту; әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау ( ӘТБ), кеңістікте бағдарлау; мимика және пантомимиканы дамыту; сөйлеу тілі дамуының кемшіліктерін түзету (логопедпен сабақтар); емдік дене тәрбиесі және түзету ырғағы бойынша арнайы түзету сабақтарында қамтамасыз етіледі.
Факультативтік сабақтардың сағаттары жалпы білім беру циклінің пәндерін оқытуда, жаңа пәндерді, қосымша білім беру модульдерін , арнайы курстар мен практикумдарды ендіруде, жеке және топтық сабақтарды өткізуде, жеке білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруда қолданылуы мүмкін. Көру қабілетінен айырылған оқушыларды оқыту Брайль шрифтімен шыққан жалпы білім беретін оқулықтар бойынша, ал нашар көретін оқушыларды ірі шрифтімен басылған оқулықтар бойынша оқыту іске асырылады.
4. Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері
Білім беру процесі деңгейлерге бөлінеді:
− бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар;
− негізгі орта білім – 5-10-сыныптар;
− жалпы орта білім – 11-12-сыныптар.
Мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген 6-7 жастағы балалар үшін әрі қарай бастауыш мектепте оқытуға дайындық және психикалық даму деңгейін анықтау мақсатында пропедевтикалық-диагностикалық дайындық сыныбы ұйымдастырылады.
1-4-сыныптарда жалпы тапсырмалар мен кешенді түзету тапсырмалары шешіледі (балалардың барлық қозғалыс сферасын, сөйлеу тілін, танымдық қызметін қалыптастыру). Бірінші сыныпта жазу қимылының дағдысын қалыптастыруға арнайы уақыт бөлінеді.
Ана тілін меңгеру оқытудың бастапқы сатысының тәжірибелік бағытымен қамтамасыз етіледі. Математиканы зерделеу барысында ойлауын дамыту ерекшеліктері, кеңістіктік ұғымдарының жеткіліксіз қалыптасуы ескеріледі.
Бейімдік дене тәрбиесі сабақтарында бағалау нормативтері қалыптастырылмайды.
5-10-сыныптарда балаларда әлеуметтік-еңбекке бейімдеуді қамтамасыз ететін қимыл-қозғалыс, ойлау, сөйлеу дағдылары мен ептілігін дамыту бойынша түзету-қалыптастыру жұмыстары жалғасады.
11-12-сыныптарда оқыту жалпы-гуманитарлық және жаратылыстану– математикалық екі бағытта жүзеге асырылады. Бір немесе екі бағытты да таңдау оқушылардың қажеттілігін және ата-аналардың сұранысын ескере отырып іске асырылады.
|