дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Негізгі сатыда балалар оқушылардың мүмкіндіктеріне бейімделетін мектептің жалпы білім беру бағдарламалары бойынша оқиды.
Негізгі мектепте, әсіресе, күрделі бұзылыстары бар сыныптар үшін қазақ, орыс және шет тілдерін оқыту сағаттарын бөлгенде вариативтілікке жол беріледі.
Сөйлеу тәртібін сақтай отырып , барлық сабақтарда және сабақтан тыс уақыттарда арнайы логопедиялық және түзету-педагогикалық қолдау көрсетіледі. Арнайы түзету курстарына мыналар жатады: қоршаған ортамен таныстыру, түзету ырғағы, дыбыс айту, сөйлеу тілін дамыту, жеке -топтық логопедиялық сабақтар. Логоритмика элементтері бар міндетті оқу пәні «Түзету ырғағы » сөйлеу тілінің күрделі бұзылыстары бар балалардың моторлық және сөйлеу моторлық даму ауытқушылықтарының алдын-алуға бағытталған.
Логопедиялық сабақтар белгіленген сабақтардың мазмұны мен формасын қайталамай, күннің екінші жартысында өткізілуі тиіс. Оқушылар логопедиялық көмекті жеке, шағын топта және топтық сабақтарда алады.
Жеке сабақтар: сөйлеу тілінің жүйелі бұзылыстары бар және артикуляциялық аппаратының құрылымы мен қозғалысы бұзылған (ринолалия, дизартрия) балалармен өткізіледі. Жеке сабақтар аптасына кемінде 2 рет өткізіледі. Сабақтың ұзақтығы 20-25 минут. Шағын топтарға сөйлеу тілінің біртекті құрылымы бұзылған балалар бірігеді. 5-10 сынып оқушыларымен логопедиялық сабақтарды ұйымдастырудың шағын топтық формасы жетекші болып табылады. Сабақтың ұзақтығы 40-45 минут.
Топтық сабақтың ұзақтығы (0, 1-4-сынып ) дайындық сыныбы мен бірінші сыныптың алғышқы жартысында 35 минутты, келесі сыныптарда 45 минутты құрайды. Негізгі орта буын оқушылары үшін қазақ және орыс тілдерін қосымша зерделеуге арналған факультативтерді ұйымдастыруға болады.
6. Психикалық дамуы тежелген оқушыларды арнайы мектепте (сыныпта) оқытудың ерекшеліктері
Білім беру процесі деңгейлерге сәйкес қамтамасыз етіледі:
− бастауыш білім – 0, 1-4-сыныптар;
− негізгі орта білім – 5-10-сыныптар.
Арнайы мектептерге (сыныптарға) церебральды-органикалық түріндегі психикалық дамуы тежелген балалар қабылданады. Арнайы сыныптарға дамуында ауытқушылық (ақыл-ойы кем балалар, сөйлеу, көру, есту қабілетінде бұзылыстары) айқын көрінетін балалар қабылданбайды.
Арнайы сыныптарға жинақтау оқытудың бастапқы деңгейінде – 0, 1 сыныптарда іске асырылады, 2 сыныпты да кіргізуге болады. Оқушыларды оқытудың кез-келген кезеңінде жалпы білім беретін сыныптарға кіріктіру, сондай -ақ, психикалық даму тежелісі айқын көрінетін екінші сатыдағы арнайы сынып жағдайында білім беруді жалғастыру мүмкіндігі қарастырылады.
Оқу күн тәртібі балалардың тез шаршағыштығына байланысты белгіленеді: ұзартылған күн тәртібі бойынша алғашқы ауысымда оқыту.
Екінші (қазақ немесе орыс ) және үшінші (ағылшын) тілдерін зерделеу сынып оқушыларының сөйлеу тілінің даму деңгейін ескере отырып,
|