дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

 

• нүктелі қағазда параллель және қиылысатын түзулерді, қиылысатын геометриялық жазық фигураларды сызу, олардың қиылысу және бірігу аймағын табу;

 

• берілген қабырғалары бойынша тіктөртбұрыш пен шаршы, циркульдің көмегімен шеңбер салу;

 

• кеңістіктік геометриялық фигуралардың (тікбұрышты параллепипед, куб) жазбасын дайындау және олардың моделін құрастыру;

 

• солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы өзгерістерді түсіндіру;

• жазық фигурада белгіленген нүктелердің орнын бір-біріне қатысты анықтау.

 

3-сынып білім алушыларының абстрактілі және кеңістікті ойлауын дамытады. Мұғалім білім алушылардың геометриялық түсініктері мен білімдерін кеңейтуге, логикалық, бейнелік ойлауын дамытуға, техникалық ойлау элементтерін және конструкторлық қабілеттерін қалыптастыруға, сондай-ақ 3-сынып білім алушыларының шығармашылық әлеуетін дамытуға назар аударуы қажет.

 

Математиканы оқыту барысында кейінгі оқу материалын оқып-білу үшін алған білімін және дағдыларын қолдана білуіне маңызды орын беріледі. Білім алушылар белгілі бір ұғымдармен, заңдармен және заңдылығымен оқу жылының бойында бірнеше рет кездеседі. Өткен материал білім алушының іс-әрекеті барысында қайталанатын бұл іс-әрекеттер оқу бағдарламасын берік және саналы меңгеруін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

 

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәні

 

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін оқыту білім алушылардың ақпараттық сауаттылық негіздерін, АКТ-құзыреттілігін, логикалық және алгоритмдік ойлауын қалыптастыруды көздейді.

 

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу пәнінің интегративті, пәнаралық сипаты бар және бастауыш білім беруде АКТ-құзыреттілік пен жан-жақты оқу іс-әрекеттерін қалыптастырудың өзегі бола алады.

 

3-сыныптағы «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

 

«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні оқыту процесінде пайдаланылатын оқытуда әдістер мен тәсілдер мынадай:

 

- ойын арқылы оқыту;

- «компьютерсіз» оқыту;

- АКТ құралдарын пайдалана отырып, шығармашылық жұмыстар;

- шағын зерттеулер.

Осы пәнді оқыту процесінде мына тақырыптарға жобалық жұмыстарды жүргізуді ұсынамыз: «Астана бойынша виртуалды экскурсия», «Интернетте ауа райын жасау», «Мультимедиялық оқиғалар», «Суреттерден, фотографиялардан, аудиожазбалардан, бейнежазбалардан, анимациялардан тұратын оқиғаларды құрастыру», «Мультфильмдер әзірлеу» және т.б.

 

«Музыка» оқу пәні адам өмірінің бір бөлігі ретінде білім алушылардың


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 72; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.146 (0.008 с.)