дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

Поиск

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

 

және таңдау бойынша пәндер арқылы жалпы орта білім беру деңгейінде бейінді саралауды жүзеге асыру толық күн тәртібінде жұмыс істеуді талап етеді.

 

Білім алушылардың оқу-тәрбие қызметін тиімді ұйымдастыру үшін 10 сынып-комплектіге психологтің 1 ставка есебінен психологиялық қызмет құрылады, егер сынып -комплектінің саны көбейтілсе психологтің ставка мөлшерінің саны тиісті жылға қарастырылған жалақы қорына байланысты көбейтіледі.

Мамандандырылған мектептер оның бейініне сәйкес жоғары оқу орындарымен және басқа да ғылыми мекемелермен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

 

Гимназиялардың вариативтік және кәсіптік бағдарланған арнайы курстарының оқу бағдарламалары жоғары оқу орындарының тиісті кафедраларымен келісіледі.

 

Мамандандырылған мектептер ақылы қосымша білім беру қызметтерін көрсетеді. Ақылы білім беру қызметтерін айырбасқа және бюджеттен қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметі аясында жасалмайды.


 

 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

 

8 КЕШКІ МЕКТЕПТЕРДЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

 

Кешкі мектеп және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдер жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары және факультативтер бойынша негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ өзіндік ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне қарай – қосымша білім беру бағдарламаларын іске асырады.Кешкі мектепте және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдерінде білім беру күндізгі оқу нысаны бойынша (сыныпта 15 бен 18 жас аралығында 20 білім алушы), сырттай оқу нысаны (10-15 білім алушы ) және сырттай жеке оқу тобы (сыныпта 9 білім алушы) бойынша жүзеге асырылады.

 

Ерекше жағдайларда және талапқа сай шарттар болған жағдайда, кешкі мектепте қашықтықтан оқыту технологиясы жүзеге асыруы мүмкін.

 

Оқытудың барлық нысандары бір білім беру ұйымының шеңберінде жүзеге асырылады.

 

Кешкі мектептегі оқу жылының ұзақтығы күндізгі оқу нысаны бойынша – 34 апта, сырттай оқу нысанында – 36 аптаны құрайды.

 

Күндізгі оқу нысаны бойынша оқушыларды аттестаттау тоқсан сайын, сырттай оқу нысаны бойынша жарты жылдықтар бойынша жүзеге асырылады.

 

Сыныпта 20 және одан да көп білім алушы болған жағдайда тек күндізгі оқу нысаны бойынша орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін, қазақ тілді мектептерде орыс тілі мен әдебиетін, шет тілдері және информатиканы топтарға бөліп оқыту жүргізіледі.

 

Қатаң және ерекше тәртіптегі жабық мекемелер жанындағы кешкі мектептерде сыныптағы оқушы саны 10 адамнан аспайды, топқа бөліп оқыту жүргізілмейді.

 

Мектепте білім беру процесін ұйымдастыру жалпы білім беретін оқу бағдарламаларымен, оқу жұмыс жоспарымен реттеледі.

 

Кешкі мектептің оқу жоспарында тек негізгі пәндерді сағат санын қысқарта отырып (міндетті апталық жүктеме (Инвариантты компонент) 22 сағат) оқыту қарастырылады. Кешкі мектепте технология, бейнелеу, дене тәрбиесі, АӘД сабақтарын оқыту қарастырылмаған.

 

Вариативтік компонент бойынша әр сыныпқа аптасына 3сағаттан артық қарастырылмайды.

 

Кешкі мектеп, негізгі оқу пәндері бойынша (қазақ тілі, қазақ әдебиеті, орыс тілі, орыс әдебиеті, алгебра, геометрия, Қазақстан тарихы, дүние жүзі тарихы, құқық негіздері, география, биология, физика, химия, шет тілі, информатика (Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптары үшін (қазақ және орыс оқыту тілі) ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына қосымша)жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ұсынылған Үлгілік оқу бағдарламаларын өзінің білім беру қызметінің ерекшелігіне қарай бейімдеп алуға мүмкіндігі бар.

 

Әр сыныпта оқыту аптасына 3-4 күнде жүзеге асырылады. Сырттай оқыту нысаны бойынша білім беруді сессиялық тәртіпте жүргізуге болады.


 




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 85; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.217.128 (0.006 с.)