дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

біріктірілген сыныптарында оқу процесін ұйымдастыру үшін оқу
бағдарламаларын бейімдеу қажет.
Сондықтан біріктірілген сыныптарда оқу процесін ұйымдастырудың келесі механизмі ұсынылады : ұзақ мерзімді және күнтізбелік-тақырыптық жоспарларды талдау негізінде жаңартылған және қолданыстағы бағдарламалар бойынша оқытатын шағын жинақты мектептердің біріктірілген сыныптарына ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларын әзірлеу.
Жаңартылған және қолданыстағы бағдарламалар бойынша оқитын біріктірілген сыныптарға ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларын әзірлеудегі алғашқы қадам - біріктірілетін сыныптардың ұзақ мерзімді және күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын талдау.
Сыныптарды бірпәндік біріктіруде біртақырыптық сабақтар белгіленеді, бақылау жұмыстары, сынақ, мүмкіндігінше зертханалық жұмыстардың мерзімдері сәйкестендіріледі. Бағдарлама бойынша оқу материалының мазмұны іріктеліп, біріктірілетін сынып үшін модульдерге бөлінеді. Тақырыптар сәйкес келмеген жағдайда біріктіру бірпәндік болып қала береді және оқу процесін ұйымдастыру барысында бірнеше сыныппен қатар жұмыс жасауға мүмкіндік беретін белсенді педагогикалық тәсілдерді таңдауды қажет етеді.
Тақырыптарды іріктеу және сәйкестендіру жолымен алынған бейімделген оқу материалының негізінде , оқу мақсаты анықталады, жаңартылған және қолданыстағы бағдарламалар бойынша оқитын біріктірілген сыныпқа арналған ұзақ мерзімді жоспар әзірленеді. Ұзақ мерзімді жоспардың негізінде орта мерзімді жоспар құрылады. Жаңартылған және қолданыстағы бағдарламалар бойынша оқитын ШЖМ біріктірілген сыныптарына ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарларын әзірлеудің көрнекі алгоритмі келесі сызбада көрсетілген.
1-сызба – ШЖМ біріктірілген сыныптарына орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларды әзірлеу схемасы.

|