дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

және пәнаралық кіріктіруді ескеретін бейнесабақтарды дайындау көрсете алады. Оқу процесінде бейнересурстарды пайдалану талаптарын жасау кезінде шағын жинақты мектептегі оқытудың жекелеген ерекшеліктерін ескеру қажет.
Бейнесабақтар мектептегі, әсіресе ауылдық шағын жинақты және шалғайдағы мектептердегі оқу процесінің сапасын қамтамасыз ететін бірден-бір педагогикалық құрал болып табылады. Аталған мектептер, ұқсас байланыс желісі бола тұрып, біртұтас ақпараттық-білімдік ортадан, оның қазіргі техникалық-инновациялық шешімдерінен бөлектеніп қалады. Сондықтан мектептік СБР қорын құру осы мектептердегі білім сапасын арттыруға және мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселесін едәуір ілгері жылжытуға, жекелеген жағдайда, тіпті пән мұғалімдерінің жоқтығының орнын толтыруға қабілетті өзекті мәселенің шешімі болып табылады. Бүгінгі таңда әзірленген оқу бейнесабақтары мектеп бағдарламасының негізінде әзірленген, оқу материалын толықтыратын қосымша ақпараттар енген, ол оның тартымдылығы мен маңызын арттыра түскен. Сонымен бірге шағын жинақты мектептің өзіндік ерекшелігіне байланысты бейнесабақтарды оқыту процесінде қолданудың тәсілдерін ескеру керек.
Білім алушылардың бір жас тобы үшін сыныптарды біріктіру кезінде бейнежазба пайдалану екінші топ білім алушыларының сабақтан көңілін бөледі. Демек жаңа тақырыпты игеру үшін сабақтарды жеке жүргізу қажет. Мұндай жағдайда өзгермелі сабақ кестесіне деген қажеттілік туындайды, мысалы математика пәнінде бейнесабақты пайдаланып жаңа тақырыпты игеруге аптасына жеке жүргізілетін 2 сағат бөлінеді, ал 3 сағатты материалды бекіту мен есептер шығаруға дағдыландыру үшін сыныптарды біріктіру жағдайында пайдалануға болады. Әрбір нақты жағдайда (пән, сынып) сабақтарды мұқият жоспарлау қажет.
СБР пайдалану оқытушыдан үйлестірушіден бағдар берушіге дейінгі білім алушыларға өздігінен оқу дағдыларын игерту кезіндегі рөлін түпкілікті түрде өзгертеді. Сондай-ақ, топтық жұмысты ұйымдастыруда, психологиялық қолайлылық және өзара көмек, бәсекелестік, шығармашылық ізденіс және әртүрлі ортада қарым-қатынас жасау атмосферасын құруда мұғалімнің тәрбиелеушілік рөлі артады, ол білім алушылардың танымдық белсенділігінен көрініс табады.
Меңгерілетін пән ерекшеліктері және оқытушы тәжірибесі есебімен СБР пайдаланудың және материалдарын іріктеудің өз тәсілдері қалыптасуы тиіс. СБР қолданып сабақ жүргізу әдістемесі – оқыту процесі қосындыларының бірі, ал бағдарлама – негізінен мұғалімнің ақпарат беру функциясын орындайтын сабақтың бір бөлігі екендігіне негізделуі тиіс. Және оның тиімділігі өте жоғары дәрежеде педагогтің білім алушылардың танымдық қызметін ұйымдастыруына тәуелді. Сондықтан мұндай ұйымдастырудың келесі принциптерін бөліп көрсету қажет:
- Белсенді қабылдауға дайындау.
Пайдаланылатын бейнематериалдарды мақсатсыз пассивті қабылдау қарапайым сабақпен салыстырғанда пайымдауын төмендетеді, себебі бұл жағдайда білім алушылар негізгі қорытындылардан және жалпылаулардан тыс
|