дістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы

- даралап және саралап оқыту;
- оқу процесінің технологиясы мен мазмұнын бейімдеу және вариативтілігі;
- білім алушылардың өздігінен білім алу қабілетін дамыту;
- тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда мәдени орталықтардан шалғай орналасқандығын ескеру;
- білім алушылардың оқу барысындағы бір-біріне өзара көмектесуі және ынтымақтастығы.
Өз кезегінде, түрлі жастағы топтарда сабақты ұйымдастыру келесі қағидаттарға негізделеді:
− түрлі жастағы білім алушыларды оқыту құралдарын, оқыту мазмұнын, тапсырмаларды кіріктіру және саралау;
− өзара оқыту;
− әртүрлі жастағы білім алушылардың өзара әрекеттерін басқару; − балалардың психологиялық қорғанысын қамтамасыз ету;
− оқу сабағындағыбілім алушылар құрамының жас ерекшеліктік ауқымын оңтайландыру. Білім алушылардың тиімді өзара әрекеттестігі үшін кеңес берілетін жас ерекшелік ауқымы – 3-4 жастан артық емес.
Сыныптарды біріктіру екі есе дайындалуды, сондай-ақ екі сабақ жоспарын бір жоспарға біріктіруге және сабақ барысында барлық білім алушылардың толық әрекеттілігін қамтамасыз етуге негізделген арнайы жоспарлауды талап етеді. Бұл жағдайда білім алушылардың өзіндік жұмысы, сондай-ақ топтық немесе жұптық жұмысы сабақтағы білім алушылар әрекетінің міндетті және жүйелі түріне айнала отырып, мұғалімге бір немесе екінші білім алушылар тобына кезек-кезек көңіл бөлу мүмкіндігін ұсына отырып, маңызды мәнге ие болады.
Бұл жұмыстар бағдарламаның талаптары мен білім алушылардың қабілетіне қарай, олардың мүмкіндіктерін ескере отырып, саралап жүргізіледі. Әртүрлі жастағы білім алушыларға өзіндік жұмыс ұйымдастыру оқу материалының мазмұнын тиянақты саралауды талап етеді. Әр сыныптың бағдарламасына сәйкестік деңгейін, білім алушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, қосымша үлестірме материалдар әзірленеді.
Шағын жинақты мектептің ерекшелігі – сабақтың барлық кезеңдерінде жүргізілуі мүмкін күн сайынғы білім алушылардың өзіндік жұмысына негізделеді. Бір сабақтағы өзіндік жұмыстар саны реттелмейді. Жаңартылған білім мазмұнына көшу барысында білім алушылардың өз бетінше білім алу қабілеттерін арттыру маңызды орын алады. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін, өмір жолын өзі болжай алатын тұлғаны қалыптастыруда өзіндік жұмыстардың құрылымын, мұғалім ізденіске бағыттайтын жетекші позициясын ұстанатын, жүйеленген дамытушылық бағыттағы іс-әрекетке айналдыру қажет.
Сонымен қатар, бастауыш мектеп білім алушыларының өзіндік жұмысы үшін уақыт шектеулері белгіленген: 2-сыныптағы жазу сабағында – 20 минуттан артық емес, 3-сыныпта – 25 минуттан артық емес; 2-сыныптағы
|